Беларусь билігі даулы президент сайлауынан кейін болған наразылықтарды басып-жаншыған соң, жүздеген мың адам елден кетуге мәжбүр болған. Олардың көбі Украинаға қашты. Шекара қызметінің дерегінше, 2020 жылдың тамызынан бері Украинаға 150 мыңнан астам беларус барған.
Оппозиция үнін қатыгездікпен жаншығаны үшін халықаралық санкциялар құрсауына түскен Беларусь билігі Ресейден саяси және экономикалық қолдау таба білді. Кей кездері бір-бірін сөзбен түйреп өткенімен, Мәскеу Беларусьті 1990-жылдардан бері қаржыландырып келеді.
Беларусьтегі наразылықтың лидері Азат Еуропа/Азаттық радиосының студиясына келіп, қамауда отырған Роман Протасевич, Батыс санкцияларының Лукашенко режиміне әсері, Қырымның кімге тиесілі екені сұрақтарға жауап берді.
Ryanair ұшқышы мен Минскідегі диспетчердің арасындағы әңгіме халықаралық қауымдастықтың "Минск оппозициялық журналист Роман Протасевичті ұстау үшін ұшақты әдейі қондырды" деген тұжырымын дәлелдей түсті. Беларусь жариялаған стенограмманың бір бөлігі биліктің кей сөзіне қайшы келеді.
Беларусь билігі 23 мамырда Афинадан Вильнюске бара жатқан жолаушы ұшағын Минскіге мәжбүрлеп қондырып, ұшақтағы оппозициялық журналист Роман Протасевичті күштеп алып қалды. Биліктің бұл әрекетіне таңдана қоймаған журналист қасындағы жолаушыларға "Мені мұнда өлім жазасы күтіп тұр" деп айтқан.
Афиныдан Вильнюске ұшып бара жатып, кенет Минскіге бұрылған Ryanair ұшағының жолаушылары борттың ішіндегі жағдай жайлы айтып берді.
Беларусьте 13 сәуірден бері қамауда отырған төрт адамға Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (КГБ) "Лукашенконы өлтірмек болды" деп ресми түрде айып тақты. Саясаттанушы билік халықтың назарын аудару үшін "астыртын сөз байласуы ойынын үнемі қолданатынын" айтады.
2020 жылғы 12 қарашада Минскіде белсенді Роман Бондаренконы полицейлер ұрып-соғып, мәшинеге салып алып кетті. Кейін ол есін жимастан көз жұмды. Лукашенко «ол мас болған, әлдекімдермен төбелескен» дейді. Бірақ журналистер мен белсенділер Беларусьтегі мемлекеттік пропаганданың өтірігін әшкереледі.
Польшада орналасқан Беларусьтің оппозициялық Nexta телеграм-каналы Александр Лукашенконың (Орталық сайлау комиссияны 2020 жылы ел президенті деп жариялаған) “шалқыған өмірі” жайлы фильм жариялады.
Тағы