Беларусь полициясы жаңа қаулы бойынша экстремистік деп танылған Telegram-арналарға жазылуға тыйым салынғанын ескертті. Ал заңгерлер құжатта ондай ештеңе айтылмаған дейді. Полиция мәлімдемесінен кейін мыңдаған адам әліптің артын бақпай-ақ экстремистік деп танылған тәуелсіз арналардан кетіп жатыр.
Беларусь пен Ресей бастаған "Запад-2021" әскери жаттығуына түрі қару-жарақ, әскери техникамен бірге 200 мыңнан астам сарбаз қатысады. Батыс санкция салған Александр Лукашенко Кремльге қазіргідей тәуелді болған емес. Ал сарапшылар тығыз әскери байланыстың өтемі ауыр болуы мүмкін дейді.
20 жыл бұрын Беларусь пен Ресей одақ мемлекет құру жөнінде келісімшарт жасасқан еді. Бұл шартта ортақ валюта, ортақ сот және ортақ кеден құру мәселесі айтылған. Беларусьтің Ресейдегі елшісі осы құжаттың қосымшасы саналатын «жол картасына» қол қоюға аз қалғанын айтады. Лукашенко бұл одаққа көне ме?
Былтыр 9 тамызда Беларусьте өткен сайлауда авторитар президент Александр Лукашенконың жеңіске жеткені хабарланып, жаппай дауыс ұрланғанын алға тартқан миллиондаған адам наразылық акцияларына шықты. Азаттық радиосы елде содан бері не өзгергенін зерттеп көрді.
Беларусьтегі наразылық пен қуғын-сүргін постсоветтік автократияларға, соның ішінде Орталық Азия елдеріне қалай әсер етті? Содан бері Ресейдің аймақтағы ықпалы артты ма? Қазақстанға көпвекторлы саясат ұстану неліктен қиындап барады? Азаттық Орталық Азия сарапшысы Темір Омаровтан сұрады.
"Витязь" гандбол клубының жаттықтырушысы Константин Яковлев Беларусьтен көшіп кетті. Ол бейбіт наразылық шерулеріне қатысып, былтыр тамызда болған президент сайлауынан кейінгі оқиғалар жайлы пікір білдірген. Маусымда Яковлев рұқсат етілмеген көпшілік шараға қатысты деген айыппен 15 күнге қамалған.
Беларусь билігі даулы президент сайлауынан кейін болған наразылықтарды басып-жаншыған соң, жүздеген мың адам елден кетуге мәжбүр болған. Олардың көбі Украинаға қашты. Шекара қызметінің дерегінше, 2020 жылдың тамызынан бері Украинаға 150 мыңнан астам беларус барған.
Оппозиция үнін қатыгездікпен жаншығаны үшін халықаралық санкциялар құрсауына түскен Беларусь билігі Ресейден саяси және экономикалық қолдау таба білді. Кей кездері бір-бірін сөзбен түйреп өткенімен, Мәскеу Беларусьті 1990-жылдардан бері қаржыландырып келеді.
Беларусьтегі наразылықтың лидері Азат Еуропа/Азаттық радиосының студиясына келіп, қамауда отырған Роман Протасевич, Батыс санкцияларының Лукашенко режиміне әсері, Қырымның кімге тиесілі екені сұрақтарға жауап берді.
Ryanair ұшқышы мен Минскідегі диспетчердің арасындағы әңгіме халықаралық қауымдастықтың "Минск оппозициялық журналист Роман Протасевичті ұстау үшін ұшақты әдейі қондырды" деген тұжырымын дәлелдей түсті. Беларусь жариялаған стенограмманың бір бөлігі биліктің кей сөзіне қайшы келеді.
Тағы