Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцина жасаушыларды, соның ішінде Қазақстанды да екпенің қауіпсіздігі, пайдалы әсері жайлы деректерді бөлісуге үндеді. Қазақстан ДДСҰ тексеруінен әлі өтпеген отандық QazCovid-in екпесін сынақтың үшінші кезеңі аяқталмай жатып халыққа жаппай еге бастады.