Қазір маска бәрімізге ауадай қажет. Бірақ ол дәріханада тапшы. Үйде маска қалай жасауға болады? (Видео авторы - Жанара Қаңтарбай).
Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) биыл жазға жоспарланған Токио олимпиада ойындарына қатысты шешімді төрт апта ішінде қабылдайтынын мәлімдеді. Әлемде коронавирус қатты тарап жатқан тұста ХОК биылғы олимпиаданы кейінге шегеру жағын ойластырмақ.
Жер жаһан Covid-19 коронавирусына қарсы күресіп жатыр. Жан алысып, жан беріскен «шайқас» көп елге ауыр зардап тигізіп, коронавирус дүниежүзіне экономикалық соққы да жасады. Алыс-берісі, барыс-келісі тоқтаған халық үйде қамалып отыр. Үміт те бар.
Қазақстанда наурыздың 21-і, таңертеңгі ресми дерекке сәйкес, коронавирус жұқтырғандар саны 52-ге жетті.
Коронавирустан қатты зардап шегіп жатқан Иран халқы бір біріне көмектесіп, індетке қарсы жұмыла күресіп жатыр. Еріктілер мұқтаж жандарға азық-түлік апарып береді, қоғамдық орында дезинфекция жасайды, студенттер маска тігеді.
Алматылық еріктілер ұйымы 20 наурыздае бастап жұмысын тоқтатпақ. Төтенше жағдайға байланысты уақытша жабылатын мекемелер арасында қайырымдылық ұйымдары да бар.
Қазақстанда коронавирус анықталмай тұрып та, анықталған соң да мессенджерлерді ондаған фейк ақпарат шарлап кетті. Кейбірін билік ресми түрде жоққа шығарды. Азаттық сөйлескен сарапшы «билік пен БАҚ-қа сенбейтін жұрт фейкке иланады» дейді.
Орталық Азия елдері ерте ме, кеш пе, коронавирус осы аймаққа да келетінін білді. Бірақ бес мемлекет жұқпалы дертпен күресте әртүрлі стратегияны қолданып жатыр.
Қазақстан коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланған соң жеке кәсіп иелері жұмысшыларын ақысыз еңбек демалысына жібере бастады. Ақысыз демалысқа шыққан тұрғын ертеңіне алаңдайды. Сарапшылар төтенше жағдай мен теңге девальвациясын Қазақстан экономикасына "қатар тиген екі соққыға" балайды.
Азаттық тілшісі Алматы көшелерін аралап, қаланың карантинге дайындығымен танысты.
Тағы