Коронавируске қарсы күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында қазақстандықтар ақша аударып жатыр. Ақтөбеде 117 ұсақ шаруа қожалығының басын біріктірген фермерлер орталығы 18 наурыз күні банкке барып, 750 мың теңге салды.
Өзбекстан билігі жұртқа коронавирус жайлы "байбалам тудыратын" ақпарат таратпауды ескертіп, ондай әрекет жасағандар көп мөлшерде айыппұл төлеуі я сегіз жылға дейінгі мерзімге бостандығынан айырылуы мүмкін деп мәлімдеді.
Қазақстанда дәрігерлер коронавирус қаупіне байланысты тұрғындарды үйден шықпауға шақырды. Әлеуметтік желіде дәрігерлер «Сіз үшін жұмыста қалдық, біз үшін үйде болыңыз» деген челлендж бастады.
19 наурызға қараған түнде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылады. Көлікпен кіріп шығуға тыйым салынады. Билік жұмысы қалада, өзі облыста тұратындарды өткізбейміз дейді. Бас прокуратура талапқа бағынбай, карантин ережесін бұзғандар жазаға тартылады деп ескертті.
Иранда коронавируспен күреске өрт сөндірушілер жұмылдырылды
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көбейіп, отыздан асты. Мемлекеттік комиссия Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларын карантинге жабуға шешім қабылдады. Азаттық тілшісі Алматы көшесі мен Халыққа қызмет көрсету орталығындағы ахуалды бақылап көрді.
Қазақстан мен Өзбекстан коронавирустан қорғану шарасы ретінде шетелдік азаматтардың ел аумағына кіруіне уақытша тыйым салған соң Тәжікстанның 200-ге жуық азаматы 17 сағат қазақ-өзбек шекарасындағы бейтарап аймақта сарыла күтіп тұруға мәжбүр болды.
Әлемді алаңдатқан коронавирус қалай тарайды? Жүкті әйелге вирус жылдам жұға ма? Тамақ ішкенде вирус тарай ма? Осы және басқа да маңызды сұрақтарға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйене отырып, жауап береміз.
Азаттық тілшілері төтенше жағдайдың бірінші күні қалай өткенін білу үшін ел астанасын аралап, сарапшылар мен кәсіпкерлерден коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулердің салдары туралы сұрады.
Коронавирус симптомдары қандай? Біле жүріңіз.
Тағы