Қарағанды облысындағы моноқала – Теміртау COVID-19 вирусын жұқтырған науқастың қазасынан кейін карантинге жабылған. Азаттық тілшісі қаланың карантиндегі тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындармен тілдесіп көрді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери есептегі азаматтарды арнайы жиынға шақыру туралы жарлығы түрлі болжам тудырды. Қорғаныс министрі "жыл сайынғы жиын" десе, запастағы генерал "100 мыңға жуық полиция мен ұлттық ұлан қайда" дейді. Ал ауыл тұрғыны "әскерге алғаны бізге тиімді" деп санайды.
Коронавирус әлем елдерін ғасырда бір болатын аса ауыр қиындыққа тап қылды. COVID-19 індетін тоқтатудың жылдам жүзеге асатын нақты ережелері болмағандықтан, әр ел өз бетінше әрекет етіп жатыр. Олардың кейбірі нәтижелі, ал енді бірі нәтижесіз.
Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен және Семей қалаларында сәуірдің 2-сінен бастап блокпосттар қойылып, шектеулер енгізілді.
Қырғызстан азаматы, Испанияда оқитын Елдос Оразбеков коронавирус жұқтырып, соңынан сауығып шыққан. Ол ауру белгілерінің қандай болатынын, дәрігерлер қанша тест алғанын, қандай дәрі ішкенін айтады және Испания емханаларындағы ахуалды сипаттайды.
COVID-19 коронавирусының тарауына байланысты қазір әлем елдерінің түгелге жуығы карантин жариялаған. Миллиардтаған адам баспанасынан шықпай отыр. Кейбір елдерде полиция көшеде бейсауат жүргендерді таяқтап ұрып, үйіне кіргізеді. Кейбір мемлекетте маска тақпай жүргендерге айыппұл салынады.
Жұрттың бәрі оқшауланып, үйде отырған қазіргі кезде ұялы телефонды бұрынғыдан да жиі қолданатын болдық, сондықтан оны тазалап отыруды ұмытпау керек. Ендеше мына кеңестерге құлақ асыңыз.
Коронавирусқа байланысты Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғанымен, ауыл тұрғындары қауіпті енді ғана сезіне бастағанға ұқсайды. Бейғам жұрт облыс аумағында коронавирус жұқтырған адам табылған соң ғана сақтық жасай бастаған. Адыраспан түтетіп, коронавирусқа қарсы ас беріп жатқандар да бар.
Коронавирус дерті басталған елде аурудың екінші толқыны жүруі мүмкін деген үрейлі, бірақ болжамды растайтын белгілер байқалады, ал Азия елдері әлемдік пандемияға қарсы күресте алаңдататын тенденциялардан секем алып отыр.
30 наурызда Қазақстанда алты қала: Атырау, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай қаласы карантинге жабылды.
Бұл видео 3-8 жастағы балаларға арналған. Бала тілімен үйде отыру не үшін маңызды екенін бүлдіршіндерге бірге түсіндірелік.
Тағы