Коронавирустың әлемдегі ең ірі ошағына айналған Нью-Йорктің бүгінгі тынысы. Азаттықтың штаттан тыс тілшісінің күнделігі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықты жаппай тексерістен өткізу - коронавирустың таралуын тоқтатудың тиімді жолдарының бірі деп есептейді. Осы уақытқа дейін коронавирус жұқтырған 700 науқас тіркелген Қазақстанда мұндай тестен өту оңай емес
Ұлыбританиялық 39 жастағы Карен COVID-19 дертінен айықты. Оның аяғы ауыр. Өзі және баласы дін аман.
Карантин жарияланып, жүріс-тұрыстың шектелуі кедей шаңырақтарға қиын тиген. Бұрынғы совет одағы елдерінде ресми жұмысы жоқтардың көбі табысынан қағылған, кейбірі баспанасынан айырылған. Көмек беруі тиіс қайырымдылық ұйымдары да жабылып жатыр.
Мұнай бағасының төмендеуі мен коронавирустің кесірінен туған дағдарыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етіп жатыр? Дағдарыс ұзаққа созылуы мүмкін бе? Теңге бағамы қалай болады? Осы және өзге десұрақтарды Азаттық Ekonomist.kz онлайн жобасының авторы, экономист Қасымхан Қаппаровқа қойып көрді.
Алматы карантинге жабылған соң төңірегіндегі ауылдар абдырап қалды. Қалаға кіре алмайтын ауыл тұрғындары өз қамын жасауға кіріскен. 42 500 теңге алғысы келетіндер коронавирустан сескенбей әкімдік алдына жиналып жүр. Азаттық тілшісі Жаңашамалған ауылына барып, жұрт тынысын аңдап қайтты.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 660-тан асты. Ал әлемде 1,2 миллионнан аса адамнан вирус табылып, 70 мыңнан астам адам қайтыс болды. Қазақстандағы және әлемдегі жағдайды шолып шықтық.
Азаттық тілшісі коронавирус табылып карантинге жабылған Шымкент маңындағы ауылға барып қайтты
Украиналағы Днепр қаласының әкімдігі зират қызметкерлеріне 600 қабір қазып қоюды бұйырды. Бұл қабірлер коронавирустан қайтыс болуы мүмкін адамдар үшін дайындалып жатыр. Днепрде 6 адам коронавирус жұқтырған, көз жұмғандар жоқ.
Коронавирус жайлы жұртты мазалаған тағы да бірнеше сұраққа жауап береміз. Сұрақтарға жауап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Италия денсаулық сақтау министрлігінің ресми деректері негізінде дайындалды.
Тағы