1 қыркүйекте Украинаның Чернигов қаласындағы оқушылар қираған мектептеріне келді. Наурызда бұл мектеп Ресейдің шабуылынан қираған еді. Оқушылардың сөзінше, бұл мектепте оқыған екі бала сол кезде қаза тапқан.
Алматыда украиналық және қазақстандық әншілердің қатысуымен өткен "Voice of Peace" концертінде арнайы қызмет пен полиция көрермендердің қолынан Украина туын тартып алды. Ал Украинаның белгісі бар футболка кигендерден киімдерін ауыстыруды талап етті.
Жеңіл атлетикадан Юджинде (АҚШ) өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан атынан жарысқа қатысқан кениялық Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы атанды.
Лисичанск үшін шайқас ұзаққа созылып, талай қан төгілді. Ресей әскері Украина шығысындағы бұл қаланы басып алып, Луганск облысына толықтай бақылау орнатты. Толассыз артиллериялық шабуылдан соң Украина әскері қираған қаланы тастап шығуға мәжбүр болды.
Әдетте мектеп бітірген түлектердің фотоларынан қуанышқа толы жүздерді көретін едік. Бірақ Украинадағы соғыстан зардап шеккен Чернигов қаласындағы түлектер шабуылдан қираған жерлерде суретке түсті. Азаттық радиосы түлектерді суретке түсірген фотограф Станислав Сеникпен тілдесті.
2021 жылдың ақпанында Қазақстан коронавирусқа қарсы екпе науқанын бастап, вакцина айналасында түрлі алып-қашпа әңгіме, қарсылық һәм дау-дамай болды. Ал жазда елде Covid қайта өршіп, ауруханада орын жетпей, өлім-жітім мен коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд орнады.
Пандемия кезінде бизнес өкілдері азаматтардың эпидемиологиялық статусын көрсететін Ashyq қосымшасынсыз жұмыс істей алмайды. Бірақ жақында салық қызметі Ashyq-тағы деректерді кәсіпкерлерге қарсы қолданғаны белгілі болып, дау туды.
Еуропа саясатын талдау орталығы Қытай мен Ресейдің коронавирус пандемиясы кезінде қандай жалған ақпарат таратып, қалай пропаганда жүргізгенін зерттеді. Баяндамада не айтылған?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың тағы бір штамын қауіпті деп таныды. Бұл штамм адам ағзасы үшін қаншалық қауіпті? Әзірге белгілі ақпаратты түсіндіріп көрелік.
22 қарашада Қазақстанда ревакцинация басталды. Қарашаның басында денсаулық сақтау министрлігі тиісті қаулы шығарып, тұрғындарды вирустың жаңа штаммдарынан қорғау үшін екпенің үшінші дозасы қажет деген. Науқан қалай өтіп жатыр. Әріптесім Нұр-Сұлтандағы емханалардың бірін барып көрді.
Тағы