1 ақпаннан бастап Қытайда тек Шыңжаң өлкесіндегі діни-наным сенімдерді бақылайтын "Діни іс-әрекеттер ережесі" деп аталатын құжат күшіне енеді. Шыңжаңға арналған ережеде мешіт салу, қажылыққа бару, діни білім берудің бәрі орталық биліктің рұқсатымен жүрмек. Ұялы телефонға, компьютерге діни файлдар сақтауға да тыйым салынады. Сарапшылар Қытай осы ереже арқылы Шыңжаңдағы қылмысын заңдастырмақ деп санайды.
Қытай басшысы Си Цзиньпин Шыңжаңға барып, "исламды қытайландыру" жайлы айтқаннан кейін HRW құқық қорғау ұйымы Қытай билігі Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және өзге мұсылмандардың құқығын бұзуды әлі жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Азаттық Дүниежүзі ұйғырлар конгресінің президенті Долкун Исамен әңгімелесті.
44 жастағы Садриддин Аюпов Қытайға кеткен әйелін жеті жылдан бері күтіп жүр. Төрт жыл саяси лагерьде болған келіншегі екі жылдан бері үйқамақта отыр. Аюпов үш баласын жалғыз жеткізіп келеді. Ол Қазақстан билігінен отбасын қауышуға көмектесуді сұрайды.
Шыңжаңда қамауда болып, қысым көргендердің көбі Қазақстанға келгеннен кейін үнсіз қалады. Көрген қорлығы мен шеккен азабын айтуға ықылассыз. Туыстары "оларды қатты қорқытып тастаған" дейді.
Туыстарының Шыңжаңда саяси лагерге қамалып, заңсыз қудаланып жатқан айтып жүрген алты адам бүгін Қытайдың Астанадағы елшілігіне барып, елшінің қабылдауын талап етті. Елші шықпады, арыз-шағымдарын тыңдамады.
Қытайдың Шыңжаң өңірінде тұратын миллионнан астам мұсылман 2016 жылдан бері "қайта тәрбиелеу лагеріне" қамалған. Солардың бірі, ұлты қазақ Жанаргүл Жұматай тағы та түрмеге түсуі мүмкін екенін мәлімдеп, көмек сұрайды. Ол Қазақстанға оралғысы келетінін айтады.
Шыңжаңдағы туыстарын Қазақстанға қайтаруды талап етіп жүрген азаматтар Қытай басшысы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары алдында қудалана бастады. Екеуі 15 күнге қамалып, үшеуі полицияға шақырту алды, тағы біреуіне полицейлер "астанаға бармауды" ескерткен.
Си Цзиньпин Қазақстанға не үшін келе жатыр? Пекин Орталық Азиядағы ықпалын арттыруға тырысып, аймақ Қытай мен Ресей арасындағы бәсеке алаңына айнала ма? Азаттық осы тақырып төңірегінде Қытай және Орталық Азия бойынша сарапшы Темір Омаровпен сұхбаттасып көрді.
Тағы