Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы Қытайдың Шыңжаң аймағындағы мұсылмандарды "жүйелі түрде, мемлекеттің ұйымдастыруымен жаппай қамау, ұрып-соғу және қудалау" әрекеттері адамзатқа қарсы қылмыспен пара-пар деп мәлімдеді.
Қытайдың бала тууды бақылау саясаты 20 жылда Шыңжаңдағы ұйғыр және басқа да аз ұлттардың санын 2,6 млн мен 4,5 млн арасында азайтуды көздейді. Бұл туралы германиялық зерттеуші Адриан Зенцтың жаңа зерттеуінде айтылған.
1 маусым балаларды қорғау күні Қытай консулдығы алдындағы наразылық бұрынғыдан өзгеше өтті. Бұл жолы Шыңжаңда қуғын көрді деген туысына бостандық сұрап жүрген 20 шақты адам бала-шағасын ерте келген. Акцияны полиция бақылап тұрды, әкімдік ескерту жасады.
Кейінгі жылдары Қазақстанға Қытайдан көшіп келетін қазақтардың саны азайып кеткен. Сарапшылар мұны Пекиннің Шыңжаңдағы мұсылмандарға көрсетіп жатқан қысымымен және Қазақстандағы заңның өзгеруімен байланыстырады.
Қазақстан бас прокуратурасы британдық Financial Times газетінің мақаласындағы деректерді тексергенде "заң бұзу анықталмағанын" айтады. Газет экс-президенттің күйеубаласы Тимур Құлыбаев Қытай мен Еуропаны жалғайтын газ құбыры жобасынан ондаған миллион доллар жасырын пайда көрді деп жазған еді.
Нұр-Сұлтанда тұратын Алтынхан Қалиярқызы бір жарым жылдан кейін әзер қауышқан екі ұлы Қазақстанда қалып, азаматтық алғанын қалайды. Наурызда Қытайдан уақытша келген Таңжарық пен Есіл Шыңжаңға оралса жазаға тартыламыз деп қауіптенеді. Үш ұлдың үлкені Қытайда қалған.
Қазақстан Қытайдан қашып келген этникалық қазақтарға азаматтық беруден бас тартты. Екі жыл бұрын Шыңжаңдағы саяси қуғын-сүргіннен бас сауғалағандар енді қайда барарын білмейді.
Қытай консулдығының алдындағы наразылық басталғалы үш жарым айға жуықтады. Әр адам өз жақынын қайтарғысы келеді. Күйеуін іздеген Гүлнұр Қосдәулет акцияға шығу үшін Алматыдан 70 шақырымдағы ауылдан келіп кетеді. Кейде қарт ата-енесіне қарап, үйінде қалады.
Шыңжаң аймағындағы туыстарын босатуды талап еткен қазақтардың Алматыдағы Қытай консулдығына келіп жүргеніне 100 күн толды. Содан бері оларға консулдықтан ешкім шықпады. Пикетке қатысушылардың тек біреуінің талабы орындалды. Қазақстан билігі "заңсыз шараға" қатысқан бірнеше наразыны жауапқа тартты.
Тағы