Шыңжаңдағы "геноцидті" айыптап, Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдына наразылық акциясына шығып жүрген Байболат Күнболатұлы он күн әкімшілік қамауда болды. Кейін ол қамауда өзіне қатты қысым жасалып, Қытай түрмесіндегі інісіне араша іздеген бейбіт күресін доғаруға көндірмек болғанын айтты.
Қытайдың саяси қуғын-сүргінін басынан өткерген қазақ Азаттыққа лагерде көргендерін айтып берді. Ол қазір Қазақстан азаматы. Нұр-Сұлтанда тұрады. Шыңжаңда қалған туыстары көп. Сондықтан әйел аты-жөнін атамауды, жүзін көрсетпеуді сұрады.
Алматыда бір топ адам 25 күннен бері Қытай консулдығы алдына келіп, Шыңжаңда қамауда отырған туыстарына араша сұрап жүр. Азаттық сенат депутаттарынан "Шыңжаңда қамалған туыстарына араша сұрап жүргендердің мәселе қалай шешілуі керек?" деп сұрады.
Қытайда жақыны қамалғандардың "бауырларымызды босатыңдар" деген талаппен акция өткізіп жатқанына үш аптадан асты. Наразылықтың 23-күні консулдық алдына қарт шешесі қамалған әйел мен үш баласы намаз оқығаны үшін сотталған әжей келді.
Батыс басылымдары Қытаймен қарым-қатынасы күрделі Түркия мен Қазақстанның саясаты өзгеруі мүмкін деп жазды. Шыңжаңдағы қуғын-сүргіннен қашқан азаматтар экономикалық мүдде өңірдегі түркітілдес мұсылман халықтарын қорғау ниетінен басым түсуі мүмкін деп алаңдайды.
Қазақстан мен Қытай дипломаттары екі елде ажырап қалған қазақ отбасылардың мәселесі талқылады. Сыртқы істер министрлігі осындай хабар таратты. Бірақ бүгін, 26 ақпанда Алматыда Қытай консулдығы алдына келгендер сөзден іске көшпесе, бұған сенбейміз десті.
Қытайда жақындары қамалған немесе Қазақстанға келе алмай қалғандардың туыстары Алматыдағы Қытай консулдығы алдында пикетке шығып жүргеніне 19 күн болды. Қазақстан билігі оған қатысушы екі адамды әкімшілік қамауға алды. 25 ақпанда Нұр-Сұлтан мен Пекин Қытайда қалған қазақтар мәселесін талқылады.
Human Rights Watch халықаралық адам құқығын қорғау ұйымы кейінгі уақытта Қытайдың Шыңжаң өлкесінде "дауласу", "шетелдегі туысына сыйлық жіберу" сынды күдікті айыптармен ұзақ жылға түрмеге қамалғандар күрт көбейгенін мәлімдеді.
Қазақстанда "Шыңжаңда туыстарым қамалды" деген адамдардың шағымы көбейді. Ол бірнеше күннен бері Алматыдағы Қытай консулдығына барып, Шыңжаңда қалған жақындарын босатуды талап етіп жүр. Қазақстан мәжілісінің депутаттары Қытайда жақындары қалып қойған қазақстандықтардың мәселесінен хабардар ма?
Алматыдағы Қытай консулдығы алдында бүгін тағы шу. Туыстары Қазақстанға өте алмай жүрген, түрлі айыппен қамалған адамдардың жақындары "Қытай, геноцидті тоқтат!" деп айқайлады. Оларға күзетші кедергі келтіріп, әкімдік тарауды ескертті.
Тағы