Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматы Интерпол президенті болды. Ал ұйымға кіретін маңызды комитет басшылығына Қытай азаматы келді. Адам құқықтарын қорғаумен айналысатын топтар мен Батыс елдері бұл екеуі қызметін асыра пайдаланып, авторитар елдерді қолдауға кіріседі деп қауіптенеді.
12-14 қарашада Прагада (Чехия) өткен Әлемдік ұйғыр конгресінің бас ассамблеясында Шыңжаңдағы лагерьді көрген екі ұйғыр мен бір қазақ бастарынан өткен қиындықтарын баяндап берді.
Тайвань сыртқы істер министрі Джозеф У Азаттыққа берген сұхбатында Пекинмен тым жақын араласудың салдары, Қытаймен соғыс қаупі және Еуропаға сапары жайлы әңгімеледі.
23 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Қытай елшілігі алдынан ұсталып, сотталған 10 адам айыппұл төлеу қиын екенін айтады. Бірақ "Қазақстан соты қанша соттаса да Шыңжаңда саяси қуғын-сүргін көріп, түрмеге қамалған туыстарымыз бостандыққа шықпаса қарсылық акциясын үзбейміз" дейді.
Қашықта қайтыс болған жақынына топырақ сала алмаған адамның зары, ата-анасынан жырақта жүрген баланың cағынышы, олармен қайта қауышсам деген үміт... Желіде әнші Ұшқын Жамалбектің "Шекара" атты әні тарап жатыр.
Халықаралық ұйымдар Шыңжаң өлкесіндегі балалардың жайына алаңдайды. Лагерьден босап шыққан түркітілдес мұсылмандар Қытай билігі балаларын мәжбүрлі түрде жетімдер үйіне жіберіп жатқанын айтады. Еріктілер құрған база бойынша, отбасынан ажыраған балалар саны 2500-ге жуықтайды.
Қытайда туыстары қамалған бір топ азамат Нұр-Сұлтандағы Қытай елшігінің алдында наразылық шарасын өткізді. Олар Қазақстандағы Қытай елшісінен Шыңжаңда жазықсыз қамалған жақындарын шығаруды талап етті.
Лондонда Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі мұсылмандарға жүргізіп отырған саясаты жайлы "Ұйғыр трибуналы" деп аталатын тыңдауда бірнеше қазақ куәлік берді. Олар Қытай лагерінде болған кезде өздері көрген адам түршігерлік жағдайларды баяндады.
Қытай компартиясының бас газеті "Жэньминь жибаоның" онлайн нұсқасы 12 шет тілінде хабар тарата бастады, солардың бірі – қазақ тілі. Сарапшылардың кейбірі мұны қазақ тілі өрісінің кеңейгені десе, енді бірі Қытайдың Қазақстанға мәдени, ақпараттық ықпалын күшейтуді көздейтін "жұмсақ күші" деп санайды.
Бішкекте өткен қазақ-қырғыз айтысында Шыңжаңнан көшіп келген қырғыз Акматбек Султануулу Қытайдағы мұсылмандарға қысымды айтып, көзіне жас алды.
Тағы