Атырауда дінге қатысты дау қайта шықты. Хиджаб киген студент қыздар оқуға кіре алмай, университеттің босағасынан қайтып жүр. Ал намаз оқитын мұсылмандар полиция бақылауға алып, «намазды қаза қылып оқыңдар» деген талап қойғанын айтады.
Агротехникалық колледжде оқитын мұсылман қыз хиджаб кигені үшін оқудан шығарылды. Ал Атырау университетінің бір топ студент қыздарын мұсылмандық үлгідегі киімдері үшін бірнеше күн сабаққа кіргізбей қойды. Екі оқу орыны да ішкі тәртіп ережесін алға тартады.
Ирандық белгілі журналист, әйелдер құқығын қорғаушы Фариба Давуди Мохаджер хиджабты 13 жасынан кие бастаған. 25 жылдан кейін ол өз елінде әйелдерді шектейтін бұл киіммен тек қоғамдық ортада ғана жүруге бел байлаған. Қазір АҚШ-та тұратын Давуди Мохаджер «Азат Еуропа/Азаттық» радиосына сұқбат берген еді.
Тәжікстанның билік органдары әйел адамдардың қоғамдық орындарда хиджаб киюіне тыйым салғаннан бері бет-ауызын тұмшалағандардың саны керісінше өсе түсті. Душанбенің көшелерінде шашын көрсетпей хиджаб киіп жүретіндер тек екі көзін ашық қалдырып, қара ниқабқа оранғандармен салыстырғанда айналайын болып қалғанға ұқсайды.