Балалары мектепке орамал тағып барып, сабаққа қатыса алмай жүрген ақтөбелік ата-аналар Мәжіліс депутатына арыздарын айтты.
"Орамал дауына" байланысты қыздары сабаққа кіре алмай жүрген ақтөбеліктер парламент депутаты Бақытбек Смағұлға шағымданды. "Мектептің қойған талабы - заңды" деген депутат пен жергілікті басшылардың сөзіне келіспеген олар биліктен балаларына арнайы мектеп-медресе ашуға рұқсат сұрады.
Парламент мүшесі Бақытбек Смағұлмен кездесуде жергілікті бір топ тұрғын "орамал дауына" байланысты қыздары сабаққа кіре алмай жүргенін айтып, биліктен балаларына медресе ашуды сұрады.
Ақтөбеде оқу жылының үшінші тоқсаны орамал дауымен басталды. Қаңтардың 8-інде облыстағы орта мектептердің басшылары орамал тартып келген оқушы қыздарды мектепке кіргізбей, үйлеріне қайтарды.
Астана қаласының Есіл аудандық соты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тұратын 60-тан аса ата-ананың талап арызын қарап жатыр. Сотқа жүгінуге мектепте орамал тағуға қатысты туған дау себеп болған.
Оңтүстік Қазақстан облысында исламның «салафи ағымын ұстанатын» бір топ адам өздерін арнайы есепке қойып, саусақ іздерін алған полицияны «азаматтық құқығымызды бұзды» деп айыптайды. Прокуратура олардың шағымын полицияға жолдаған. Облыстық ішкі істер департаменті «алдын алу шаралары» жүргізілгенін айтады.
Теміртау билігі орта арнаулы оқу орындарының студенттерін экстремизмнің алдын алу мақсатында өткізілген сұхбатқа жинады. Жастармен кездесу «діни экстремизм – зорлық-зомбылық матрицасы» деген тақырыппен өтті.
Оралдағы жалпы білім беретін орта мектептің орта және жоғарғы сыныптарында оқитын кемінде алты оқушы қызды қазан айынан бастап сабаққа кіргізбеген. Оған қыздардың орамал тағуы себеп болған. Мектеп басшылығы мұның себебін "орамал тағу міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға қайшы" деп түсіндіреді. Бұған дейін осындай жайттар Қазақстанның өзге аймақтарында да тіркелген.
Білім және ғылым министрлігінің былтырғы оқу жылының ортасында шығарған бірыңғай мектеп формасы туралы бұйрығы биылғы оқу жылының басында барлық дерлік аймақтарда дауға айналып жатыр. Мектеп пен діндар ата-аналар арасындағы тығырыққа тірелген кикілжің енді жерде-жерде сотпен шешілетін сияқты.
Жаңа оқу жылы басталғалы Жаңаөзендегі орамал тағатын 60 шақты оқушы қыз бала сабаққа бара алмай жүр. Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, олардың дені бастауыш сыныпта оқиды. Бөлім басшысы балаларының орамалын шешуден бас тартқан ата аналарды сотқа бермекші. Ата-аналар «конституциялық құқығымыз бұзылды» дейді.
Ақтөбеде сегіз отбасы тұрып жатқан жатақхана сот қаулысымен бұзылатын болды. Құзырлы органдар екі жыл бұрын салынған ғимараттан "кінәрат тапқан". Әкімшілік соттың қаулысымен келіспеген құрылыс иесі тамыздың 31-інде апелляциялық сотқа арыз түсірді.
Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы ел азаматтарына ұлттық киім киюді міндеттеді. 23 тамызда меджлис намояндагон депутаттары «Дәстүр мен салтты реттеу туралы» заңға тиісті өзгеріс енгізді.
Тағы