Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотында 42 жастағы Абдухалил Абдужаббаровтың ісі қаралып жатыр. Елдің арнайы қызметі ислам уағызшысын Қазақстандағы экстремизмнің бас идеологы санайды.
Бішкек әкімдігінен "хиджаб кигені үшін" жұмыстан шығарылғаны туралы сотқа жүгінген әйел жеңіске жетті. Бұл Қырғызстанда мұсылман дәстүрі бойынша басын бүркеуіне тыйым салған жұмыс берушінің үстінен сотқа арызданған алғашқы әйел. "Осы шақ" бағдарламасының [орысша] видеосы.
Қазақстан билігі мектепте діни бағыттағы киімге тыйым салуға тырысып жатыр. Түсіндіру жұмыстарына қарамастан, кейбір ата-аналар бұл талаппен келіспейді. Сарапшылар "мәселені қоғаммен кеңесіп барып шешу керек" дейді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Сирия мен Ирактағы «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымын интернет арқылы насихаттаушыларға қарсы роликтер мен деректі фильмдер жасап жатыр деп хабарлады басқарманың наиб-мүфтиі Серікбай Ораз.
Білім және ғылым министрлігі бірыңғай мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірледі. Енді дін белгілерінің бәріне тыйым салынуы мүмкін.
Өзбекстан прокуратурасы әлеуметтік желілерде хиджаб киіп түскен фотосы мен діни мазмұндағы жазу жариялаған өзбек қыздарын тергеп жатыр.
Шенеуніктер хиджабқа қатысты бірыңғай позиция белгілеуді және оқу орындарына антитеррористік үгіт-насихат негіздері пәнін енгізуді сұрайды.
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының тұрғыны Марат Мәуленовтің отбасымен бірге «Сирияға кеткені» жөнінде ақпарат тарады. Көршілері оларды тамыз айының соңында көргендерін, соңғы бір жылда «әйелі хиджаб тағып, өзі балағы қысқа шалбар кие бастағанын» айтады.
Үкімет басшысы Темір Сариевтің хиджаб және өзге де мұсылман киімдеріне қатысты мәлімдемесі қырғыз қоғамында қызу пікірталасқа ұласты.
Ферғана алқабының Өзбекстанға тиесілі аймағында базарларда киім кию тәртібіне жаңа өзгерістер енгізіліп, мешіттердегі намаз уақыттарын көрсететін электронды сағаттар өшіріліп жатыр.
Орталық Азияның үш елінде киім мәселесі қызу талқыға түсті. Бір елде «шетелдік» діни киім биліктің қырына ілінсе, көрші елде батыс үлгісіндегі ашық көйлекке тиісті. Ал үшінші елде дәстүрді құрметтеу қажеттігін айтады.
Тәжікстанда тәнін саудалауды кәсіп еткен әйелдер қорлау мен күш көрсетуден қорғану үшін денелерін тұтас жабатын киім киюге көшкен. Бұл өзгеріс жезөкшелермен жұмысты қиындатқанын полиция өкілі мойындайды.
Тағы