Мектепті «Алтын белгіге» бітірген абитуриенттер мен олардың ата-аналары «грантқа ілінгендерімен, оқу орындары қабылдамай жатқанын» айтады. Ал денсаулық сақтау министрі «мәселені шешіп жатқандарын» мәлімдеді.
AzattyqLIVE жоғары оқу орнына (ЖОО) түсу үшін бөлінген мемлекеттік білім гранттарын бөлуден шыққан биылғы және жыл сайынғы дау мәселесін тікелей эфирде талқылады. Студия сарапшысы EDTECH халықаралық білім орталығының жетекшісі Ғани Бейсембаев болды.
Білім және ғылым министрлігі «жоғары балл алып, білім грантын иелене алмай қалғандардың» наразылығынан соң қосымша 1500-ге жуық грант бөлді. Министр Сағадиев бұл жұмысқа ата-аналар да қатысқанын айтады.
Қазақстанда биыл 14-мәрте өткен ҰБТ-дан кейін қорытынды тізімнен дау туып, білім және ғылым министрлігі түлектерге бөлінген ЖОО гранттарының екінші мәрте жаңа тізімін жасауға мәжбүр болды. Азаттыққа сұқбат берген «Ұрпақ тағдыры – білім» қоғамдық қорының төрағасы Ерсайын Ерғожа «бұл министрліктің біліксіздігін көрсетеді» дейді.
Қазақстан білім және ғылым министрлігі мемлекеттік грант иегерлерінің "қосымша тізімін" жариялады. Оған бір жарым мыңға жуық адам кірген. Бұған талапкерлердің ашынған ата-аналары министрлікке барып, шенеуніктермен кездескеннен кейін қол жетті. Ал гранттан қағылған мектеп түлектері министрлікке әлі барып жүр.
Сенбі күні ондаған ата-ана, бұрынғы мектеп түлектері және олардың туыстары Қазақстан білім және ғылым министрлігі алдына жиналып, білім гранттарын бөлуге қатысты наразылығын айтты. Оларды министр Ерлан Сағадиев қабылдады.
Астанада бір топ абитуриент пен ата-аналар жоғары оқу орындарына кей мамандықтарға білім грантына "ҰБТ-да көп балл алған өтпей, кем балл алған талапкердің" ие болуына наразылық білдірді. Білім және ғылым министрлігі өкілдері "конкурс бұрынғы ереже бойынша өтті" деп түсіндіреді.
Қазақстанда жыл сайын бірінші сыныпқа баратын балалар саны артып келеді. Ал елдегі мектептерде бес мыңға жуық мұғалім жетіспейді. Сарапшылар мұғалімдердің аздығына "аз жалақы мен ауыр жұмыс себеп" дейді.
Бүгін Қазақстанда мектеп түлектерінің жоғары оқу орнына түсу емтиханы - Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсыру басталды.
«Серпін» бағдарламасы бойынша өзге аймаққа барған оңтүстік жастарының некен-саяғы ғана оқу бітірген өңірінде қалады. Ал бағдарламаны ұйымдастырушылар «ешкімнің еліне қайтып жатпағанын» айтады.
Астанадағы 67-мектеп-гимназиясының кей мұғалімдері «директор оқу ісі меңгерушілері арқылы ақша жинап, ақша бопсалаумен айналысты» деп мәлімдейді. Мұғалімдердің шағымынан кейін оларды жала жапқаны үшін директордың өзі сотқа берді. Білім басқармасы өкілдері ақша жинау дәлелдері анықталған жоқ деп мәлімдейді.
Мектеп оқушыларына берілетін үй тапсырмасын азайтуға қатысты ұсыныстар қабылдауды кей адамдар баланың әуесқой істерімен айналысуға бос уақыты болады деген үмітпен құптап жатыр. Білім саласы жүйесінде көп дүние «қағаз жүзінде» ғана жасалады деген де пікір бар.
Тағы