Абзал Әжғалиев қарашада шорт-тректен АҚШ-та өткен Әлем кубогы кезеңінде 500 метрлік жарыста алтын медаль иеленді. Ал 26 жастағы Нұрберген Жұмағазиев желтоқсанда Оңтүстік Кореяда өткен әлем кубогында 1000 метрлік жарыстан бірінші келді.
Techno Trading жұмысшысы Берік Ергенбаев Жетібай ауылында аштық жариялап жатқан кездерінде арнайы жасақ келгенін әңгімелейді. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, 6 қаңтар 2017 жыл.
Techno Trading компаниясының аштық жариялаған жұмысшыларымен Жетібай ауылы әкімінің кездесуі. Видеоны жұмысшылар жолдаған. Маңғыстау облысы, 6 қаңтар 2017 жыл.
Ақтөбеде болған шабуыл кезінде "әрекетсіз қалды" деп айыпталған жергілікті полиция басшысы Мақсат Шляшев пен оның орынбасары Ермек Шоқановтың туыстары мен таныстары облыстық прокуратура алдында наразылық танытты.
Маңғыстауда Techno Trading LTD кәсіпорны жұмысшылары еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, мерзімсіз аштық акциясын бастады.
Түркиялық БАҚ жариялаған төмендегі видеода Стамбулдағы түнгі клубқа жаңа жыл түні жасалған шабуылға күдікті саналатын ер адам бейнеленген. Бас-аяғы 45 секундқа жалғасатын видеода Стамбулдың орталығындағы Таксим алаңынан өтіп келе жатқан жігіттің бейнесі бар.
Атырауда 2016 жылғы сәуірдің 24-і күні өткен "жер шеруінде" азаматтық белсенді Талғат Аян "үкімет жерді ең алдымен өз азаматтарына тегін жалға берсін" деген талап білдірді.
Алматы маңындағы Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты «Ақжол» ауылының тұрғындары көшенің тұйықталып, көліктің кіріп-шығуы қиындағанына шағынады.
Ақтөбе гарнизонының әскери соты маусым айындағы қарулы шабуылға қатысты ұлттық гвардияның әскери бөлімінің екі майорының ісін қарай бастады.
Азаттыққа сұқбатында қырғыз оппозициялық саясаткері Омурбек конституцияны өзгертуге неге қарсы екені жайлы, Қырғызстандағы екі төңкерістен кейінгі саяси жағдай мен Қазақстан-Қырғызстан қатынастары туралы пікірін айтты.
Қазылар алқасы «Алтын домбыраны» Мұхтар Ниязовқа бергенде залдағы көрермендер бұл шешімге наразы болып, бас жүлдеге Болатбек Оразбаев лайық екенін айтып шуласып кетті. (Блогер Айгүл Орынбектің Facebook парағынан алынған видео).
Қыркүйекте ері кісі қолынан өлген маңғыстаулық төрт баланың анасы облыстық ІІД-ден әділ тергеу жасауды талап етті. Ақтау, 25 қараша 2016 жыл
Тағы