Қызылорда қаласы Ғани Мұратбаев көшесіндегі бес қабатты үйдің тұрғындары «жылу жөнді берілмейді» деп наразы. Олар үйдегі 99 пәтердің кейбіріне жылу мүлде жетпейтінін, соның кесірінен пәтер іші көгеріп, сыз тартатынына шағым айтады.
Ауғанстаннан Қазақстанға келіп оқып жүрген этникалық қазақ Зияволхақ Абдул Джалил ауған қазақтарының тұрмыс-тіршілігі жайында әңгімелеп берді.
Алматыда қыстың алғашқы ызғары сезіліп, қар жауды. Қардан соңғы қарбалас тұрғындарға қолайсыз тиді.
Шымкентте «целлофан жинап сатып күнелткен» көпбалалы отбасы туралы Азаттық мақаласынан соң оларға азық-түлік және киім-кешекпен көмектескен жандар көбейген. Жергілікті билік отбасындағы оқу бара алмай қалған балаларды мектепке қабылдауға уәде етіп отыр.
Қызылорда қаласы Бұқарбай батыр көшесіндегі көп пәтерлі үйдің тұрғындары «жергілікті билік көшемізді тарылтып қойды» деп наразы. Олардың айтуынша, әкімдік көшенің жартысынан көп бөлігін жеке кәсіпкерге берген. Ал әкімдік «кәсіпкер бұл жерді заңды жолмен алған» дейді.
Зорлық-зомбылық кесірінен ерте жүкті болып, кәмелетке толмай босанған оқушы қыз баласының әкесі жездесі екенін айтады. Шымкент, 10 қараша 2016 жыл.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Алматыдағы орталық мешіт ауласында халал өнімдердің жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкеге азық-түлік өндіретін 30-дан аса қазақстандық компания қатысты.
Шымкенттегі Қайтпас-2 шағын ауданындағы 420 балаға шақталған 59-мектепте 1502 оқушы үш ауысымда оқиды. Сыныптардың тарлығынан үш парта біріктіріп қойылып, оқушылар сығылысып отыруға мәжбүр. Шенеуніктер Шымкентте тағы он бір мектеп осындай мәселеге душар болуы мүмкін екенін айтады.
Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылындағы әскери қалашық тұрғындары соңғы кездері пәтер тонаушылардың күрт көбейгеніне шағымданады. Олардың сөзінше соңғы бір айда оннан астам пәтер тоналған. Жетіген полициясы тілші сұрағына жауап беруден бас тартты.
Көпбалалы ана, онкологиялық тіркеуде тұрған Ділбәр Құттыбай Азаттыққа жоқшылықтан алты баласын асырай алмай отырғанына шағымданды.
Бейсенбі кешке Алматыдағы «Жас сахна» театрының шағын залы көрерменге лық толды. Мұнда осы күні «Түріктің Чеховы» атанып кеткен Төнжер Жүженоғлының «Көшкін» қойылымы көрсетілді.
Қазанның 20-сы күні Шымкент қаласында жылу тарифін 27 пайызға қымбаттату туралы қоғамдық тыңдау өткен еді. Мұның алдында (шілде) су тарифі - 17 пайызға, табиғи газ құны 10,4 пайызға қымбаттаған еді. Азаттық тілшісінің сауалнамасы.
Тағы