13 наурызда Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының "Қазақтелекомның" қомақты қаржысын ұрлаған деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Азаттықтың Назарбаевтар отбасының Алматыдағы мүліктері жайлы зерттеуінің Сатыбалды туралы бөлігі.
Қазақстанда кемінде 227 адам қаза тапқан Қаңтар көтерілісі кезінде Алматыда жеке меншік 140 автокөлік бүлдірілген. Өртенген, соғылған, аударылған. Кейбіріне оқ жаудырған. Бірнеше азамат көлік ішінде мерт болған.
Атырау облысы Мақат кентінде 5 қаңтарда наразылық акциясына жиналған жергілікті халық жергілікті белсенді Ғазиз Ғабдуллинді "әкім сайлаған". Жиын өтіп жатқан жерге арнайы шақырылған аудандық мәслихат депутаттары халықтың таңдауына қарсы болмағанын айтады. Азаттыққа оқырман жолдаған әуесқой түсірген видео.
2022 жылғы Қаңтар көтерілісі кезінде Атырау облысы Мақат ауданында наразылық акциясына шыққан жұрт аудан әкімін жаңарту туралы шешім қабылдады. Азаттыққа оқырман жолдаған видео.
2022 жылғы қаңтардың басында Мақат ауданындағы наразылық кезінде жергілікті тұрғындардың бір тобы аудан әкімдігі ішінде белгісіз қызметкерге қағазға қол қоюын, қол қояр алдында 4 тармақтан тұратын мәтінді дауыстап оқуын талап еткен. Азаттыққа оқырман жолдаған әуесқой түсірген видео.
Соғыс болып жатқан Украинадан Польша арқылы шыққан Қазақстан азаматтарының алғашқы тобы 28 ақпанда Алматыға жетті. Әуежайда оларды туыстары мен БАҚ өкілдері қарсы алды.
Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, үстінен "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен іс қозғалған Азамат Жанқожаевтың туысы Айжан Тасқұлованың сөзі. Шымкент, 17 ақпан 2022 жыл.
14 ақпанда арнайы прокурорлар басқармасының басшысы Нұржан Көлбаев қамаудағы 14 адамның бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылғанын хабарлады. Бұған дейін Шымкентте сегіз адам түрмеден шығарылған еді.
Қаңтар оқиғасы кезінде Қызылорда облысы Сексеуіл станциясында екі жолаушы пойызы тұрып қалған. Жергілікті халық пойыз жолаушыларына азық-түлік, ыстық тамақ беруді ұйымдастырған. Азаттыққа Сәкен Төрешов жіберген видео.
2022 жылғы 4 қаңтарда Қызылорда облысы Жаңақорған кенті тұрғындары Маңғыстау өңіріндегі Жаңаөзен қаласында қымбатшылық, жұмыссыздық пен жоқшылық қысқанын билікке жеткізу үшін алаңға шыққан халықтың талабын қолдап акция өткізді. Жаңақорғандағы наразылық акциясына жүздеген адам қатысты.
2022 жылғы 4 қаңтарда Қызылорда облысы Жаңақорған кенті тұрғындары Маңғыстау өңіріндегі Жаңаөзен қаласында қымбатшылық, жұмыссыздық пен жоқшылық қысқанын билікке жеткізу үшін алаңға шыққан халықтың талабын қолдап акция өткізді. Азаттыққа жаңақорғандық белсенді Қарасай Әшірбеков жіберген видео.
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында бір топ азамат Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында қымбатшылық, жұмыссыздық пен жоқшылық қысқанын билікке жеткізу үшін алаңға шыққан халықтың талабын қолдап акция өткізді. 4 қаңтар 2022 жыл. Азаттыққа оқырман жолдаған видео.
Тағы