Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, үстінен "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен іс қозғалған Азамат Жанқожаевтың туысы Айжан Тасқұлованың сөзі. Шымкент, 17 ақпан 2022 жыл.
14 ақпанда арнайы прокурорлар басқармасының басшысы Нұржан Көлбаев қамаудағы 14 адамның бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылғанын хабарлады. Бұған дейін Шымкентте сегіз адам түрмеден шығарылған еді.
Қаңтар оқиғасы кезінде Қызылорда облысы Сексеуіл станциясында екі жолаушы пойызы тұрып қалған. Жергілікті халық пойыз жолаушыларына азық-түлік, ыстық тамақ беруді ұйымдастырған. Азаттыққа Сәкен Төрешов жіберген видео.
2022 жылғы 4 қаңтарда Қызылорда облысы Жаңақорған кенті тұрғындары Маңғыстау өңіріндегі Жаңаөзен қаласында қымбатшылық, жұмыссыздық пен жоқшылық қысқанын билікке жеткізу үшін алаңға шыққан халықтың талабын қолдап акция өткізді. Жаңақорғандағы наразылық акциясына жүздеген адам қатысты.
2022 жылғы 4 қаңтарда Қызылорда облысы Жаңақорған кенті тұрғындары Маңғыстау өңіріндегі Жаңаөзен қаласында қымбатшылық, жұмыссыздық пен жоқшылық қысқанын билікке жеткізу үшін алаңға шыққан халықтың талабын қолдап акция өткізді. Азаттыққа жаңақорғандық белсенді Қарасай Әшірбеков жіберген видео.
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында бір топ азамат Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында қымбатшылық, жұмыссыздық пен жоқшылық қысқанын билікке жеткізу үшін алаңға шыққан халықтың талабын қолдап акция өткізді. 4 қаңтар 2022 жыл. Азаттыққа оқырман жолдаған видео.
Tranco Zhezkazgan ЖШС-нің екі жүзден астам жұмысшысы айлықты екі есе көбейтуді, жылына бір рет 13-жалақы төлеуді, емделуге жұмсаған шығынның орнын толтыруды, вахталық іссапарға шыққаны үшін тәулігіне 3000 теңге төлеуді талап етеді. Олармен Жезқазған қаласының әкімі кездескен.
Аза тұту күні Шымкентте Түркістан облыстық туберкулез диспансерінің бір топ дәрігердің жол бойына шығып, құрбандарды еске алып тұрған видеосы тараған. Әлеуметтік желі қолданушылары 13 шілдеде Шымкент қаласындағы дәрігерлердің флешмобы да сынға қалды.
Динагүл Баешеваның сөзі
Түркістан облысы Арыс қаласында былтыр әскери қоймада болған жарылысқа байланысты сот басталды. 16 айыпталушы, 1500 жәбірленуші бар. Іс 448 томнан тұрады. Сот отырысына келген Арыс тұрғындары істің Шымкент қаласында қаралуына наразы.
Этникалық ұйғыр Тұрсынай Зияудун Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі лагерьде қамауда болғанда қысым көргені туралы Азаттыққа айтып берді. Ол Қазақстаннан босқын мәртебесін алғысы келеді.
"Полиция басшысына жала жапты" деген айыппен сотқа тартылған маңғыстаулық белсенді Жамбыл Көбейсіновтің өзіне қарсы қозғалған қылмыстық іс, қоғамдағы жағдай туралы сөзі.
Тағы