Динагүл Баешеваның сөзі
Түркістан облысы Арыс қаласында былтыр әскери қоймада болған жарылысқа байланысты сот басталды. 16 айыпталушы, 1500 жәбірленуші бар. Іс 448 томнан тұрады. Сот отырысына келген Арыс тұрғындары істің Шымкент қаласында қаралуына наразы.
Этникалық ұйғыр Тұрсынай Зияудун Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі лагерьде қамауда болғанда қысым көргені туралы Азаттыққа айтып берді. Ол Қазақстаннан босқын мәртебесін алғысы келеді.
"Полиция басшысына жала жапты" деген айыппен сотқа тартылған маңғыстаулық белсенді Жамбыл Көбейсіновтің өзіне қарсы қозғалған қылмыстық іс, қоғамдағы жағдай туралы сөзі.
Алматы облысы Қарасай ауданында бір топ әйел "үкімет тағайындаған атаулы әлеуметтік көмекке қолымыз жетпей жатыр" деп шағым айтты. Тұрғындар "бұған жұмысына жауапсыз қараған жергілікті әкімдік қызметкерлері айыпты" дейді.
Эколог Мэлс Елеусізов партия құрам деп тағы да мәлімдеме жасады. Ол жаһандық жылыну қаупі күшейіп келе жатқанын айтып, билікті сынады. Ал президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тақырып “фишка” деп есептейді.
«Асыл арна» телеарнасының директоры, айтыс ақыны Мұхамеджан Тазабековтің Қазақстандағы наразылық жиындары мен полицияның әрекеті туралы айтқандары топтастырылған видео төңірегінде пікірталас басылмай тұр. Кейбір сарапшылар “елде дін саясатқа араласып отыр” деп қауіптенеді. Ал діни басқарма желіге та
Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 442 мыңнан аса жұмыссыз бар. Яғни, еңбек жасындағы тұрғындардың 4,8 пайызының тұрақты жұмысы жоқ. Кей сарапшылар жұмыссыздар саны бұдан бірнеше рет көп дейді. Азаттық тілшісі Алматы көшесінде уақытша жұмыс іздеп тұрған азаматтармен сөйлесіп қайтты.
Шымкентте он шақты белсенді 1993 жылы қабылданған конституцияны референдум арқылы қайтаруды талап етіп, "Сайлау туралы" заңды өзгерту қажеттігін айтты.
Шымкентте он шақты белсенді 1993 жылы қабылданған конституцияны референдум арқылы қайтаруды талап етіп, "Сайлау туралы" заңды өзгерту қажеттігін айтты. Видеода белсенді Нұржан Әбілдаев сөйлеп жатыр.
Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылына қарасты орта мектептің бір топ қызметкері жол бойындағы ағашты әктеп жүр. Бірақ жергілікті әкімдік өкілі "олар мектеп қызметкерлері емес, ауыл тұрғындары мен белсенді азаматтар" дейді.
Қызылордада көп балалы аналар қала әкімдігіне наразы. Бәйтерек ықшамауданынан биыл ғана уақытша баспана алған отбасылар жаңа оқу жылында мектеп, балабақшаның жоқтығына алаңдайды. Инфрақұрылым жасалмаған шағын ауданның кейбір тұрғынынына дүкенге барып-қайту да - проблема.
Тағы