Қазақстанда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Кейбір белсенділер "ел билігі бұл күнді кең көлемде атап өтуге асықпайды" деп айыптайды. Олардың арасында "31 мамырды ресми демалыс деп жариялау керек" деп санайтындары да бар.
30 мамырда Алматыда "InternetCA-2019 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы" атты форум басталды. Екі күнге созылатын форумның бірінші күні Орталық Азиядағы сөз бостандығы мәселесі, жалған ақпаратпен күрес, киберқауіпсіздік, сайлау кезіндегі БАҚ жұмысы тақырыптары талқылады.
Бүгін, 29 мамырда Алматыда журналист Розлана Таукинаны туыстары мен әріптестері, достары соңғы сапарға шығарып салды. Алпыс жасында ауруханада көз жұмған құқық қорғаушы, журналистің артында жұбайы, екі ұлы мен немересі қалды.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына қатысушылардың үгіт-насихат кезеңі жалғасып жатыр. Кей сарапшылар мен сайлаушылар жеті кандидат арасында қызу саяси тартыс байқалмайтынын айтады.
Жеке баспанасы жоқ әскери зейнеткерлер тұрғын үй заңына өзгеріс енгізуді сұрайды. Қазіргі заң бойынша, әскер қатарында он жылдан аса, бірақ жиырма жылдан аз уақыт қызмет атқарғандарға тұрғын үй өтемақысы берілмейді. Олар тек қорғаныс министрлігі ұсынған баспананы сатып алуға құқылы.
2 мамырда Шымкентте төрт балалы ана Лаура Қалдыбаева қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының екінші қабатынан секірмек болды. Ол 21 мың теңге әлеуметтік жәрдемақыға құжатты наурызда өткізгенімен әлі күнге дейін көмек ала алмай жүргеніне наразылық танытты.
Тәжікстанның табиғаты көрікті Варзоб шатқалында орналасқан "Харангон" санаторийіне 30 сәуірде Ирактан елге ұшақпен жеткізілген ондаған тәжік баланы орналастырған.
Үкім оқылған сәтте сот залында наразылар айқай-шу шығарып, айыпталушылар төбелес ұйымдастырды.
Петропавлда апатты және ескі үйлерде тұрып жатқан зейнеткерлер наразылық білдірді.
Орталық сайлау комиссиясы 107 дерттің тізімін жариялады. Желі қолданушылары дерт тізімін талқылады
Сал ауруына шалдыққан баласын жалғыз бағып отырған ана биліктен баспана сұрайды. Арзыгүл Ушурова Алматы әкімдігіне келіп, мұң-мұқтажын айтты. Бірақ онымен сөйлескен билік өкілдері "сіз сияқты 11 мың адам кезекте тұр" деді.
Сәуірдің 12-сіне Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толды. Видеода СССР Ғылым академиясы қазақ филиалы төрағасының орынбасары Қаныш Сәтбаевқа 1941 жылы жарияланған «Жезқазған ауданының руда шығатын жерлері» деген еңбегі үшін Сталиндік сыйлық берілгені айтылады. Сәтбаевтың Қазақ ССР Геология институты
Тағы