Петропавлда апатты және ескі үйлерде тұрып жатқан зейнеткерлер наразылық білдірді.
Орталық сайлау комиссиясы 107 дерттің тізімін жариялады. Желі қолданушылары дерт тізімін талқылады
Сал ауруына шалдыққан баласын жалғыз бағып отырған ана биліктен баспана сұрайды. Арзыгүл Ушурова Алматы әкімдігіне келіп, мұң-мұқтажын айтты. Бірақ онымен сөйлескен билік өкілдері "сіз сияқты 11 мың адам кезекте тұр" деді.
Сәуірдің 12-сіне Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толды. Видеода СССР Ғылым академиясы қазақ филиалы төрағасының орынбасары Қаныш Сәтбаевқа 1941 жылы жарияланған «Жезқазған ауданының руда шығатын жерлері» деген еңбегі үшін Сталиндік сыйлық берілгені айтылады. Сәтбаевтың Қазақ ССР Геология институты
"Хорватияның территориялық тұтастығын сақтай отырып, инфрақұрылымды дамыту саласында әріптестік орнатқымыз келеді” деді Қытай премьер-министрі.
9 сәуірде Алжир парламенті жоғары палата спикері Әбделқадыр Бенсалехті елдің уақытша президенті қылып тағайындады.
Қазақ-қырғыз шекарасына көліктер жиналып қалды. Қазақстанда өте алмай тұрған төрт жүзге жуық жүк көлік жүргізушілері Қазақстан жағы өткізбей тұрғанын, алайда не талап етіп отырғанын да білмейтінін айтады.
Петропавлда бес баласымен ескі жер үйде тұрып жатқан Меруерт Төленова бір күні үйіміз құлап қала ма деп қорқады. Еріген қар суы баспананың жертөлесінде толып қалады.
Саясаттанушы Гүлшат Нұрымбетова Қазақстан президенті қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелге алғашқы сапарын Ресейден бастауы елдің сыртқы саясатында өзгеріс болмайтынын көрсетеді деп санайды.
Петропавлда 150-ге жуық отбасы ипотекаға алған үйлеріне кіре алмай жүр. 2018 жылы желтоқсанда берілуі тиіс болған тұрғын үй әлі дайын емес. Жергілікті билік тұрғын үйдегі жұмыстары мамырдың соңына дейін аяқталады деп сендіреді.
Бішкекте Ресей президенті Владимир Путинге қарсы пикет өткізген ерлі-зайыпты Нурлан Карымшаков пен Гүлзана Имаеваға "араздықты қоздыру" бабымен айып тағылды.
Желіде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "ажырасқаны" мен Нұр-Сұлтан қаласындағы "Мәңгілік ел" триумф аркасын жөндеуге 600 млн теңге жұмсалатынын талқылады.
Тағы