Халықаралық The Soufan Group ұйымының мәліметінше, биыл "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобына былтырғымен салыстырғанда екі есе көп адам қосылған. Бұл топқа қосылғандардың көбі - араб елдерінен барғандар. ИМ-ге Батыс Еуропа мен бұрынғы Совет Одағы елдерінен барып қосылушылар да көбейіп барады.