Сонымен, осы қалада қазір екі-ақ түрлі xалық қалдық. Бірі - аты-жөні белгісіз, бізге қарап аузын ашқан қалың көпшілік... Сосын, жердің құты, елдің қаймағы, өмірдің қызығы мен шырайы - мына біздер...
Ақ тұлпар маған былай деп аян берді... Егер сіз өле қалсаңыз... яғни, алда-жалда, өлуге шешім жасай қалсаңыз, менің тұлыбыма сіздің ескерткішіңізді мінгізеді екен...
Бірақ дауыстар - жаңғырық таратуға құмар... Олар бір-біріне үн қатпайды, дауыс та қоспайды... Бірін бірі - мүлде естімейді де. Олар - жаңғырыққа сенеді, айтарын - Жартасқа арнайды.
Әкімшіліктен қазір қайыр жоғын бәрі біледі... Жалпы, әкімшіліктің - бізде, біздің - әкімшілікте шаруамыз болып көрген емес. Бір- бірімізге еш тәуелділігіміз де, міндеткерлігіміз де жоқ...
Бірақ, шынымды айтсам, осының бәрі бос сөз екенін, менің тапқан бүгінгі "абыройым" да, әншейін, өзімді өзім алдау екенін қу ішім сезеді... Әйтсе де, осы алданыш өзіме ұнайды.
Барлық бояудың әдеті сол - өзіне ұқсағанды жақсы көреді. Әйтпесе, бұлар, жалпы, бір-бірін ұната бермейді. Оларда өзінен басқа, не көмескірек түстерді мойындай қоймайтын қажетсіз, ұсақ тәкаппарлық бар.
Менің көзім жетті... Әлі талай жүз жыл жасайсыз!..Сіз, сірә, мәңгі өлмейсіз!.. Өміріңізді жалғайтын, өзіңізге лайықты ізбасар болатын жаңа күлән-ақындар өсіп келеді...
Ертең басқа біреу озады... Науқан мен дүрмек - өтеді. Сен озса да, озбаса да, жеңсе де, жеңілсе де, көшіп кетпей, мәңгі орнында қалатын еліңнің олқысын ойлап қайғыр, алдымен!
Менде, өз жағдайымызға қарай, ең атақты ақынымыздың өресіндегі сұрапыл орысша мен ең ұзақ отырған премьер-министріміздің деңгейіндегі там-тұм қазақшадан басқа дым да жоқ...
Өтірік пен Шын осылай мәміле тапты. Шын сөздің өтірікке қисын болған заманы туды. Бұрынғы кенеусіз Өтіріктің бүгінгі қисынды сөзіне ел жаппай ұйыды. Дүниеге "Өтіріктің өзіне сенбе, қисынына сен" деген мәтел келді...
Үйме-жүйме автоқоқыста тұншығып, селден қалған лай тұнбадай борсыған кептелісте сарылып, өмір өтіп барады, өмір...
Маймылдан адам жасауға болатынын дәлелдемекке, жұмысты тастап, бірыңғай тәрбиешілікке көштім...
Тағы