Өтірік пен Шын осылай мәміле тапты. Шын сөздің өтірікке қисын болған заманы туды. Бұрынғы кенеусіз Өтіріктің бүгінгі қисынды сөзіне ел жаппай ұйыды. Дүниеге "Өтіріктің өзіне сенбе, қисынына сен" деген мәтел келді...
Үйме-жүйме автоқоқыста тұншығып, селден қалған лай тұнбадай борсыған кептелісте сарылып, өмір өтіп барады, өмір...
Маймылдан адам жасауға болатынын дәлелдемекке, жұмысты тастап, бірыңғай тәрбиешілікке көштім...
Жалпы, бастықты мақтау үшін, оны жақсы көру шарт емес. Мақтай-мақтай, күндердің күні, өзің-ақ жақсы көріп кетесің...
Ғаламның назары тек біздің арықта екен дедік. Біздің арық әлемдегі ең ұзын! Біздің арық – әлемдегі ең қымбат!