"Бастаңғыға" PR маманы, блогер Әлішер Елікбаевты шақырып, оның Қаңтар оқиғасы кезінде не істегенін, қазіргі билікпен қатынасы қалай екенін сұрап көрдік. Неге мемлекеттік қызметке барғысы келмейтінін және қазақ тілі жайлы көзқарасын да білдік.
“Бастаңғыда” саясаттанушы Камила Смағұловамен бірге Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігі жайлы әңгімелестік. Біз кімбіз? Қазақпыз ба, қазақстандықпыз ба? Санамыз отарсызданған ба? Әдеттегідей қазақ тілінің қазіргі жағдайын да сөз еттік.
Сахнада боқтауға бола ма? Қазіргі қазақ контенті қалай дамып жатыр? Q-Pop мәдениеті пайда болды ма? Қазақ тілінің қазіргі күйі қандай? "Бастаңғыда" Ерболат Беделханмен осы сұрақтар төңірегінде әңгімелестік.
Атыраудағы қаңтардағы митингіге қатысқан жергілікті тұрғын Сергей Шутовты бір аптадан кейін полиция әкетіп, тергеген. Ол тергеуде болған кезде басынан кешкенін Беларусь астанасындағы Окрестина көшесіндегі атышулы изолятордағы азаптауға теңейді.
Батыс Қазақстан облысы Чеботарево ауылында тұратын шаруа Анатолий Горбачев асыл тұқымды жылқы өсіріп, қымыз өндірумен айналысады. Ол "ауыл халқы негізгі кәсібін ұмытып барады" деп алаңдайды. Азаттық тілшісі қазақтың ұлттық сусынын дайындайтын шаруашылықта болып қайтты.
Диссидент ақын Арон Атабектің әлеуметтік желіде жарияланған тіз киімшең ғана тұрған суреті көрген адамды бей-жай қалдырмады. Көпшілік ақынды "нацистік концлагерь тұтқыны кейпіне жеткізген" билікті сынады.
2011 жылы 16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласында полиция наразылық білдіріп келгендерге оқ атты. Ресми ақпарат бойынша 17 адам қаза тапты, жүзден аса азамат жараланды. 37 адам сотталды. Олардың кейбірі түрмеден шыққан соң да денсаулығы оңалмай, қайтыс болды. "Атуға бұйрық берген кім" деген сауалға әлі
Қазақ латын әліпбиінің мәселелері қандай? Қазақ тілін қалай жүйелі тілге айналдыруға болады?
Ақтөбе түрмесінде жазасын өтеп жатқан азаматтық белсенді Макс Боқаевтың азаматтық қоғам туралы Азаттыққа айтқаны. 16 мамыр 2019 жыл.
Ақтөбе түрмесінде жазасын өтеп жатқан азаматтық белсенді Макс Боқаевтың мерзімінен бұрын босау мүмкіндігі туралы Азаттыққа айтқаны. 16 мамыр 2019 жыл.
Тағы