Шереметьево әуежайында төлқұжат тексеруінен өткен журналист, "Новая газета" редакциясы мен өзін қолдаған адамдарға рақметін жеткізді.
Микробиолог ғалым Кеннет Әлібек өзінің «Қазақстандағы қылмыстық жолмен алынған қаржыны жылыстатуға қатысы барын» жоққа шығарды.
Саясаткер Михаил Саакашвили Нидерланд төлқұжатын алды. Бірақ ол Украина азаматтығын қайтарып алу ниетінен танбайтынын мәлімдеді.
Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында бүркіт салып, саят құратын жасөспірім қазақ қыздары жиі кездеседі. Солардың бірі - 12 жастағы Әйгерім Әскер. Сингапурдың кино компаниясы ең жас бүркітші туралы деректі фильм түсірмекші.
Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатқан Пхенчхан қаласында қатты жел соғып, кей жарыстан басқа күнге шегерілді.
Өзбекстан Бас прокуратурасының тергеушілері салық және кеден комитеттерін тексере бастады.
Одесса облысының бұрынғы губернаторы және Грузияның бұрынғы президенті Саакашвили Польшадан саяси баспана сұрамайтынын мәлімдеді.
Қазақстан әділет министрлігі, активтерді бұғаттаудың заңға қайшы екенін «дәлелдеу процесі бірнеше юрисдикцияда жүзеге асып жатқанын» айтты.
YouTube сервисі ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың бизнесмен Олег Дерипаскаға қатысты видеоны өшіруді талап етті.
Жамбыл облысының сотында бизнесмен Мұратхан Тоқмадидің банкир Ержан Тәтішевті «өлтіру ісі» бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды.
«Мәскеу түбінде құлаған ұшақта қаза тапқандар арасында болжам бойынша Қазақстан азаматы жоқ» деп хабарлады Қазақстан СІМ.
Үкімет отырысы, жаңа министрдің тағайындалуы және қастандықтан қаза тапқан саясаткерді еске алу.
Тағы