Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Мьянмадағы этникалық рохинджа тобын қудалауға салуға қатысты алаңдаушылық танытты.
Алматыдағы сотта жарыссөз өтті. Прокурор Мамайдың бостандығын төрт жылға шектеуді сұраса, адвокаттар қылмыс дәлелденбегенін айтады.
Қырғызстан Жоғарғы соты О. Текебаевтың президет сайлауына түсу үшін жинаған қолдарды жарамсыз деп тану туралы сот шешімін заңды деп тапты.
Оңтүстік Қазақстандағы бірнеше ұстаз заңсыздықпен күрескендерінен зиян шеккендерін айтады. Ал басшылықтың өз уәжі бар.
«Немолчи.кз» қозғалысына бір жыл толды. Осы аралықта 16 әйелдің ісін сотқа жеткізіп, оның 7-еуіне қатысты айыптау үкімі шыққан.
Өзбекстанның Хорезм облысында 26-27 тамыз күндері жүргізілген рейд барысында кешкі сағат 9-дан кейін "мақсатсыз қыдырған" 3706 адам ұсталды.
Бүгінгі сот отырысында адвокаттар мен прокурор Жарымбетовті жауапқа алып, Мұхтар Әблязовты қалай таныстырғанын нақтылауға тырысты.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев өзі қызметтен кеткенде одақтастары билік басында қалады деп үміттенетінін мәлімдеді.
Асхат Шәкіров білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке жазған үндеуінде абитуриенттердің шағымына қатысты алаңдаушылық білдірген.
Петропавл қаласында тұратын Варя Степанова биыл төртінші сыныпқа баруы керек.
БТА Банкі басшыларының бірі болған Жарымбетов "елге тәуелсіз БАҚ керек" деп санағандықтан Мамайға көмектескенін айтты.
Қазақстандағы "Клуб 28 петель" қозғалысының еріктілері шала туған нәрестелерге арнап жүннен киім-кешек тоқиды.
Тағы