Қамауда отырған журналист Жанболат Мамайдың жақтастары оның туған күніне Алматы шетіндегі журналист отырған тергеу изоляторына жиналды.
Тұңғышбай Жаманқұлов өзіне қарсы іске мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптап, қудалауға "соның қатысы барын" айтты.
Байқоңыр ғарыш айлағынан маусымның 14-і күні ұшқан Ресейдің "Союз-2.1а" зымыран-тасығышы қалдықтары Жезқазған маңына құлады.
Қостанай облысы тұрғыны «жұмыс орнында жыныстық сипаттағы қысым көргені үшін» қаржы министрлігінен жеті миллион теңге талап етті.
Қазақстанның әр аймағында тұратын, өздерін «тәуелсіз» дейтін мұғалімдер бірігіп, қысым көрген әріптестерінің құқығын бірігіп қорғай бастады.
Бүгін Орал қаласындағы азаматтық істер жөніндегі №2 соттың алдында 57 жастағы жергілікті тұрғын Мақсот Көбеев наразылық акциясын өткізді.
Қазақстан СІМ "Ресей картасындағы Қырым" туралы мәлімдемесіне қатысты берген комментарийінде мәселені "саясиландырмауға" шақырған.
Бабалары 20-ғасырдың басында Қазақстаннан Қырғызстанға қоныс аударған Махаббат Темірбекова үлкен атасының «Алаш» партиясына мүше болғанын айтады.
Маңғыстау облыстық көші-қон қызметі «экстремистік іс-әрекет» жайлы баптарға сүйеніп, Ираннан көшіп келген оралманды елден шығармақшы.
Мохаммад Полат «Халық банкіне» депозит ретінде салған «400 мың АҚШ долларының 140 мыңы заңсыз алынғанын» айтады.
Алматының Бостандық аудандық соты Ермек Бейсеуовтің журналист Розлана Таукинаға қарсы шағымын қараудан бас тартты.
Батыс Қазақстан облыстық мешітіндегі намаз кезінде "әмин" деп дауыстап айтқанын мойындаған адамға алғаш рет айыппұл салынды.
Тағы