Мамандар, бүгінде әйелдер дәрігерге тек төсек тартып қалған кезде ғана қайырылуды әдетке айналдырғанын айтады.
ШҚО мектеп мұғалімдері "басшылық ЭКСПО көрмесі билеттерін мәжбүрлеп алғызды" дейді. Ал көрме ұйымдастырушылары," бұлай ету – заңсыз" дейді.
Ипотекаға үй алдық деген он шақты адам қалалық соттың алдына жиналып, қарызын өтей алмай қайтыс болған серіктерін еске алды.
Ақтөбе қаласында құлағы туа бітті керең болғандықтан арнайы имплантант салдырған 74 баланың ата-анасы жаңа талапқа наразылық білдірді.
Шымкенттегі қаралы отбасы Сейітжан Ізбасаровтың қырқын өткізуге әзірленіп жатыр. Оның үш баласы мен жесірі тұрмыстан тарыға бастаған.
Атыраудың мамандандырылған әкімшілік соты қытайлық этникалық қазақ Шұғыла Бауыржанға қатысты үкім шығарды.
Сарапшылар Ресей, Беларусь және Қырғызстанда өткен шерулер сияқты наразылық акциялары Қазақстанда жуық арада болмайды деп болжайды.
Мүмкіндігі шектеулі астаналық Жасұлан Сүлейменов түрмедегі сегіз жылын көбінесе кереуетте таңулы күйде өткізген. Ол өзін жазықсыз санайды.
Көпшілік орында бірге жүрген қыз-жігіт бір-біріне туыс екенін дәлелдей алмаса, оларды полицияға апарады.
Әлеуметтік желілерде ресейлік журналист Владимир Соловьевтің Қазақстанға келуіне қарсылар бар.
Шымкентте жергілікті белсенді Руслан Жанпейісов "бопсалау" айыбымен екі айға қамалды.
Алматыда қуғындағы олигарх Мұхтар Әблязов пен "БТА Банкінің" бұрынғы топ-менеджерлерінің үстінен алдын ала сот тыңдауы өтті.
Тағы