Қытайдан Еуропаға көшіп барған қазақ диаспорасының өкілі Талғат Қосжігіт Азаттыққа берген сұхбатында жолдағы көш қиындығы жайында айтты.
Елдегі қазақ-түрік лицейлері енді «Білім-инновация лицейі» деп аталады. "Атауы өзгергенмен, оқу жүйесі бұрынғыша қалды" дейді басшылық.
Ақтөбеде бүгін маусымның басында болған қарулы шабуылдарға қатысты күдікке ілінген 29 адамның үстінен соттың алдын ала тыңдауы басталды.
Лондон мен Риода алтыны және қола медаль алған атлет Ольга Рыпаковаға арада сегіз жыл өткенде Пекин олимпиадасының жүлдесі де берілмек.
Бүгін Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісі бойынша сотта шымкенттік белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтен "қашықтан жауап алу" басталды.
Бүгін СИ-8 изоляторында, Алматыда 18 шілдеде болған шабуылға қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Судья істі ашық түрде өткізді.
Маңғыстау облысында қастандықпен қаза тапқан балалардың әке-шешелері «әділ тексерту мен сот төрелігіне қол жеткізу мүмкін емес» дейді.
Мүмкіндігі шектеулі әйелдерді кәсіпкерлікке оқыту үшін 16 қаладан 180 әйелді оқыту жоспарланған. Ол үшін "Шырақ" қорына хабарласу керек.
Қазақстан Каспийдегі Қашаған кенішінен мұнай ала бастағанын хабарлады. Сарапшылар оның пайдасы мен кемшін тұстарын айтады.
Тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедьяровқа әкімшілік сот "бұрын салынған айыппұлды төлеуді кешіктірді" деп 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде тағы айыппұл салды.
Семей полигонында алғашқы жерасты ядролық сынақ жасалғанына 55 жыл толды. Жергілікті халық сол сынақтардың зардабын әлі тартып келе жатыр.
Ақпарат және коммуникация министрлігі талқылауға ұсынған тұжырымдама журналистер мен блогерлерге бақылауды қатайтуды көздейді.
Тағы