ЕАЭО-на кірген соң Қырғызстанда үшінші елдерден әкелінетін тауарлар қымбаттады. Енді Қазақстанда да баға қымбаттауы мүмкін деген қауіп айтыла бастады.
Қазақстандық өнімді Ресейге сату қиындығына енді Ресей нарығына Қазақстан арқылы заңсыз түскен өнімдерді жою проблемасы қосылды.
Қырғызстанмен арадағы кедендік бақылаудың алынуы қазақстандық тауардың бәсекеге қабілетіне сын болады дейді сарапшылар.
Уфадағы БРИКС пен ШЫҰ саммиттері кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу жетекшілігіндегі Еуразия одағы мен халықаралық ұйымдар әріптестігі туралы сөз қозғады.
Арменияның полиция басшысы Еревандағы наразылық шеруінде ерекше көзге түсті. Оның шерушілерге айтқан қаһарлы сөздеріне кейбіреулер ашуланса, енді біреулер күлкіге айналдырды.
Қырғызстанның "Дордой" базарындағы дағдарысты саудагерлер ЕАЭО-ға қосылу шартының толық бекімеуінен көреді. Ал Қазақстан кәсіпкерлері шекарадағы кеденнің алынуын күтіп отыр.
Ресей билігі бір кездері Владимир Ленин тұрған, университет студенті атанып, оқудан да шығарылған Қазан қаласына Қытайдан келетін туристер санын көбейткісі келеді.
Қазақстан президенті ресейлік телеарнаға сұхбатында Ресейге қарсы санкция және "Қытайдың Қазақстанға қаупі" туралы айтты. Бұл - Назарбаевтың сайлаудан кейінгі алғашқы сұқбаты.
Ортақ еуразиялық медиаресурс құруды ұсынған Ресей саясаткерлері Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваны да мақтады. Идея кейбір қазақстандық сарапшылардың алаңдауын күшейтті.
Азаттық сайты Қазақстан президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевты онлайн-конференцияға қатысуға шақырады.
Кейбір сарапшы Астана мен Мәскеудің кей тауарға тыйым салуын сауда соғысы нышанына баласа, енді бірі оны еуразиялық интеграцияның «аралық ахуалының» салдары деп түсіндіреді.
Жоспар бойынша, Қырғызстан мамырдың 9-ы күні Еуразия экономикалық одағы құрамына өтеді. Бұл одақ қырғыз мигранттарына қандай артықшылықтар бере алады?
Тағы