Кейбір сарапшы Астана мен Мәскеудің кей тауарға тыйым салуын сауда соғысы нышанына баласа, енді бірі оны еуразиялық интеграцияның «аралық ахуалының» салдары деп түсіндіреді.
Жоспар бойынша, Қырғызстан мамырдың 9-ы күні Еуразия экономикалық одағы құрамына өтеді. Бұл одақ қырғыз мигранттарына қандай артықшылықтар бере алады?
Астанадағы үшжақты кездесуде Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдері басшылары мұнай бағасының арзандауына байланысты дағдарыстан шығу жайын талқылап, Украинадағы жағдайды сөз етті.
Ресей президентінің еуразиялық ақша бірлігін құру жайлы тапсырмасынан соң іле-шала ЕАЭО басшыларының Астанадағы үш жақты кездесуі кейінге қалдырылды.
Ресейдің Украинаға қатысты саясатынан соң Мәскеу мен Минск арасы салқын тартты. Енді Александр Лукашенко Еуропа Одағымен қарым-қатынасын жақсартуды көздей ме?
Рубль құнсызданып, ЕАЭО келісімі іске қосылғалы Қазақстанда автокөлік арзандай бастады. Бірақ Ресейден көлік әкелуге жүрексінетіндер әлі көп.
Беларусь, Қазақстан, Ресей және Армения енген Еуразия экономикалық одағы туралы келісім-шарт іске қосылды. Батыс сарапшылары «Совет одағы сияқты бірлестікке ұқсайтын сауда одағының болашағы жоқ» дейді.
2014 жылы елде саяси-әлеуметтік сипаттағы наразылықтар көп болды. Қарсылық шарасына қатысқан азаматтарды полиция тұтқындап, сот әкімшілік жазаға тартып отырды.
Желтоқсанның 23-і күні Мәскеуде, Еуразия экономикалық жоғарғы кеңесі отырысында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу туралы келісімге қол қойды.
Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіру туралы келісім-шарты №1 ұшақпен Мәскеуге кетті. Қырғыз жұртшылығын құжат мәтінімен таныстырмады.
Сарапшылардың пікірінше, патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымовтың ЕАЭО нормасын іске қосуды бір жылға шегере тұру туралы ұсынысы – ел үшін тиімді болғанымен, саяси тұрғыдан іске аспайтын бастама.
ЕАЭО іске қосылатын күн жақындаған сайын ұйымдағы саяси шиеленіс күшейе түсті. Бақылаушылар мұны Кремльдің әрекет және мәлімдемелерімен байланыстырады.
Тағы