Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіру туралы келісім-шарты №1 ұшақпен Мәскеуге кетті. Қырғыз жұртшылығын құжат мәтінімен таныстырмады.
Сарапшылардың пікірінше, патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымовтың ЕАЭО нормасын іске қосуды бір жылға шегере тұру туралы ұсынысы – ел үшін тиімді болғанымен, саяси тұрғыдан іске аспайтын бастама.
ЕАЭО іске қосылатын күн жақындаған сайын ұйымдағы саяси шиеленіс күшейе түсті. Бақылаушылар мұны Кремльдің әрекет және мәлімдемелерімен байланыстырады.
Қаңтардың 1-і Еуразия экономикалық одағы іске қосылады. Алматыда өткен ЕАЭО жайлы пікірталасқа Қазақстан бизнесмендері қатысты. Бірақ «экономика» туралы әңгіме «саясатқа» ойысып кетіп жатты.
Белгілі ақын әрі президентшіл саясаткер Олжас Сүлейменов Азаттыққа сұхбат берді. Гептилден басталған әңгіме «Еуразия Одағына кіру Қазақстанды тәуелсіздігінен айырмай ма?» деген даумен аяқталды.
Еуразия экономикалық одағы туралы келісімді ратифиакциялау жөніндегі заң жобасын Қазақстан парламенті сенаты мақұлдап, Беларусь парламенті жеке шарт қосты.
Қазанның 10-ы күні Армения мен Қырғызстан Еуразия одағына кіруі мүмкін. Арменияны одаққа Таулы Қарабақсыз қабылдау жоспарланған, ал Қырғызстан президенті Минскіге Бакиевке бола барғысы келмеген.
Алматыда қоғамдық белсенділер мен сарапшылар Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына кіруіне қарсылық білдірді.
Еуразия экономикалық одағы келісімін мақұлдаған мәжілістің әрекетін сынаған әлеуметтік желі қолданушылары «сатқындық» сөзін жиі жазды.
Қазанның 1-і күні Қазақстан парламентінің мәжілісі Қазақстан, Беларусь және Ресей Федерациясы арасындағы Еуразия экономикалық одағы келісімін мақұлдап, сенатқа жолдады.
Украина президенті Петр Порошенко Қазақстанның «сенімді қауіпсіздік тетіктерін» жасауы тиіс екенін, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының қазіргі талаптарға «жауап бере алмайтынын» айтты.
Владимир Путин мен Петр Порошенко Минскіде бетпе-бет кездесіп, Украинаның шығысындағы жағдайды талқылады.
Тағы