Ресей президенті Владимир Путин тележүргізуші Дмитрий Киселевті ықпалды медиахолдингтің басшысы етіп тағайындады. Сарапшылар «Киселев журналист емес» дейді.
Киевте желтоқсанның 11-і күні бірнеше жүз милиция жасағы Тәуелсіздік алаңын қоршады.
Ресей телеарналарының Украинадағы ЕО-ға қосылуды жақтайтын азаматтардың шеруі туралы репортаждарын көрген сарапшылар «мұндай әдістер СССР кезінде де қолданылмап еді» дейді.
Киевтегі Еуропамен интеграцияны қолдаушылардың үкіметке қарсы шеруіне қазақстандық белсенділер де қосылып, украин оппозициясына қолдау көрсеткендерін айтады.
«Беркут» - Киевтегі шеруге қарсы қойылған арнайы жасақ. Азаттық тілшісі Украина жасағының екі ардагерімен пойызда кездесті. Арақ ішіп, шошқа майын жеп отырған олар саяси пікірлерін айтты.
Жексенбіде Киевте бірнеше жүз мың адам шеруге шықты. Жиында билікті отставкаға кетіру талабы айтылды. Жастардың бір тобы Ленин ескерткішін құлатып, Украинаның туын көтеріп, әнұранын шырқады.
Украинадағы саяси дағдарыс онсыз да шатқаяқтап тұрған ел экономикасына қиын соқты. Сарапшылар жағдайдың тереңдей беретінін айтады.
Украинаның Еуропа Одағымен интеграцияланудан тартынуы Молдованың еуропашыл үкіметін екіұдай күйге ұшыратты. Приднестровье мәселесін шешу үшін Кишинев барынша сақ позиция ұстанады.
Украина президенті Виктор Янукович Қытайға сапарынан қайтар жолда Ресейде аялдады. Киевтегі ЕО-ны қолдаушылар наразылығы басылмай тұрған кезде ол Владимир Путинмен кездеспек.
Киевте мерзімсіз наразылық акциясына қатысушылар үкімет үйі алдындағы пикетті қайта бастады.
Ресей мен Еуроодақ арасында екіжақты саясат жүргізіп, орта жолды таңдамақ болған Украина президенті Виктор Януковичтің әрекеті елді саяси дағдарысқа тіреді.
Тағы