Үкіметтің Украина мен Еуропа Одағы (ЕО) арасындағы ассоциация туралы келісімді дайындаудан бас тартуын опасыздық ретінде бағалаған оппозиция министрлер кабинетінің отставкаға кетуін талап етеді.
Украинада өтіп жатқан жаппай наразылық акцияларын қазақстандық ресми БАҚ жағымсыз оқиға ретінде сипаттады. Әлеуметтік желі оқырмандары «Ресейдің ықпалында отырған» телеарналарды сынады.
Украина президенті Виктор Януковичтің Мәскеу қысымымен Еуропалық одақпен сауда келісімінен бас тартуы Киевте «Евромайдан» деп аталатын қарсылық туғызды. Оны кімдер бастап жүр?
Киевтегі шеруге он мыңдаған адам қатысып тұр. Олар елдің Еуропа Одағымен (ЕО) интеграциясы туралы келісімге қол қоймаған үкіметін отставкаға кетіруді талап етеді.
1 желтоқсанда Украина астанасындағы Тәуелсіздік алаңы қайтадан мыңдаған адамға толды. Наразылардың бір тобы президент әкімшілігі ғимаратына кіруге әрекет жасап, милициямен қақтығысты.
Интернетте жарияланған видеода Украина президенті Виктор Януковичке еуропалық жетекшілердің, соның ішінде Германия канцлері Ангела Меркельдің де «салқын қабақ» танытқаны байқалады.
Литвадағы «Шығыс серіктестік» саммитінде Еуропалық одаққа қосылуға қажетті алғашқы қадам жасаған Грузия мен Молдова енді Ресейдің кегінен қауіптенеді.
Тәуелсіздік алаңындағы наразылық шеруін милицияның арнайы жасағы күшпен тарқатты. Куәгерлердің айтуынша, милиция алаңда тұрғандарды резеңке таяқпен сабап, ондаған адам жарақат алған.
Украина студенттері үкіметтің Еуропа Одағымен бірігу туралы келісімнен бас тарту жөніндегі шешіміне қарсы шықты. Мұны «ұрпақтар алшақтығы» ретінде бағалаушылар да бар.
Виктор Януковичтің Ресейге күрт бұрылғанына наразылық білдірген ондаған мың шеруші Киев көшелеріне шықты. Осыдан соң «2004 жылғы «қызғылт-сары төңкеріс» Украинада тағы қайталанбай ма?» деген сұрақ туды.