Қаңтардың 16-сы күні Украина парламенті демонстрацияларға шектеу қойып, оппозицияшыл депутаттарды жазалайтын, сөз бостандығына тосқауыл қоятын жаңа заң жобасын мақұлдады.
Жыл басынан бері Украинада большевиктер көсемі Владимир Лениннің кем дегенде төрт ескерткіші қиратылды. Бұл өткен советтік кезеңге халық наразылығының артып бара жатқанын көрсетеді.
Украинада оппозициялық журналист соққыға жығылғасын жүздеген адам ішкі істер министрлігі алдында шеру өткізді. Олар ішкі істер министрі Захарченконың отставкаға кетуін талап етті.
Днепродзержинск қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсінін қорлауға байланысты «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ЕО-мен интеграцияны жақтаушылардың демонстрациясын көріп, украиналық әріптестерімен танысуға Киевке барған ЖСДП жастар қанатының төрағасы Тазабек Сәмбетбай Азаттыққа сұхбат берді.
«Еуромайдан» немен аяқталуы мүмкін? Көрші елдерде болған осы тектес қарсылықтардан не нәтиже шығып еді? Азаттық төрт елдегі қарсылық тәжірибесін шолып шықты.
Ресей Украинаға 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде қарыз беретін болды, газды да арзанға сатуға келісті. Ал Киевтегі шерушілер бұл "жомарттықтың" себебін білгісі келеді.
Киевтегі шеруге Беларусь, Молдова, Ресей сияқты көрші елдерден белсенділер келіп, жұрт қарасын көбейтті. Кейбірі Украина тұрғындарын қолдауға келсе, енді бірі "революцияны" жақыннан көргісі келеді.
«Сирия дағдарысында» бас мәмілегерге айналып, «Сноуден ісін» Вашингтонның бетіне басып, «Форбс» журналында «әлемдегі ең ықпалды адам» атанған Ресей президенті 2013 жылы әлемдік БАҚ-ты жаулап алды.
Украина президенті Виктор Янукович Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинге екі елдің стратегиялық әріптестігі кеңи түсуі керек деп мәлімдеді.
Президент Виктор Януковичке қарсы шерулер нәтижесінде Украинада жаңа интернет-телеарна – Hromadske.tv пайда болды. Азаттық тілшісі жаңа арнаның тілшілерімен сөйлесті.
Украина президенті Янукович өзара қайшы мәлімдемелер, ал үкімет кереғар әрекеттер жасап жатыр. «Мұның себебі – президент маңайындағы адамдардың жікке бөлінуі» дейді сарапшылар.
Тағы