Қазақстандық ресми БАҚ Украинадағы оқиғаларды 2004 және 2014 жылдары түрліше сипаттады. Сарапшылар «Бүгін біржақты теріс баға беруге Қазақстан билігінің өзі де мүдделі емес» деп санайды.
Украинадағы шерушілердің билікке қарсы бірнеше аптаға созылған наразылығынан соң премьер-министр Николай Азаров қызметінен бас тартты.
Украина президенті оппозиция жетекшілеріне үкімет басқаруды ұсыну арқылы өз жақтастарын азайта тұра, қарсыластарын жақындата алмағанға ұқсайды.
Көшеде наразылық күшейіп, жағдай ушығып бара жатқанда Киев гривнаны құнсыздандыру туралы тәуекелге толы шешімге барды.
Президент Виктор Януковичке қолдау білдіріп келген елдің орталығы мен шығыс аймақтарында да үкіметке қарсылық акциялары өтіп жатыр.
Осыған дейін бейбіт түрде жүріп жатқан «Еуромайдан» акциясы өткен апта қайта ушығып, қан төгілді. Наразылық шарасына қатысып жүрген азаматтың сүйегі қаңтардың 22-сі күні Киев маңындағы орманнан табылды.
Киевте полиция мен Еуроинтеграция жақтаушылары қақтығысы жалғасып жатыр. Жастардың «Правый сектор» тобы «Билікпен соңына дейін күресеміз» дейді. Азаттық «Олар кім?» деген сауалға жауап іздеді.
Украина премьері Азаров кеше шерушілерге күш қолданылатынын ескерткен еді. Бүгінгі мәлімет бойынша, полиция шеру баррикадаларын бұзуға кіріскен. Екі шеруші қаза тапқаны жайлы ақпарат тарады.
Украинада көше шерулерін ауыздықтауға бағытталған заңға президент Виктор Януковичтің қол қоюы елде билікке наразылықты бұрынғыдан да күшейтіп жіберді.
Киевте үкіметке наразылар мен милиция арасында қақтығыстарда екі жақтан да ондаған адам зардап шекті.
Жиын өткізуге қатысты жаңа заң жаңа наразылық толқынын тудырды. Оппозиция жетекшілері үкіметті өзгерту туралы ғана емес, қайта президенттік сайлау өткізу туралы талап қоя бастады.
Тағы