Киев түшкірсе, Мәскеуге тұмау тие ме? Янукович режимінің құлауы Ресей оппозициясын желпіндіріп тастаса, Кремльдің зәресін ұшырғаны анық.
Биліктен кеткен президент Януковичтің сарайын айналып, салтанат шеруін өткізген азаматтар «Украина Ресей ықпалынан құтылады» дегенге сенеді. Азаттық тілшісі Украинадағы оқиғаның геосаяси салдарына шолу жасады.
Саясаттанушылардың айтуынша, Виктор Януковичтің бұрынғы режимі мен Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі режимі арасында ұқсастық та, айырмашылық та бар.
Виктор Янукович биліктен кетті. Енді Украинаның жаңа президенті кім болуы мүмкін? Азаттық тілшісі осы сауалға жауап іздеп көрді.
Киев тұрғындары мен қала қонақтары Майданда қаза тапқандардың рухына тағзым етті.
«Межигорье» резиденциясына жұртшылық жасаған экскурсиядан кейін Ивано-Франковск тұрғындары да Гутадағы қысқы резиденцияны көруді ұйғарды.
Жексенбіде Киевте сәл тыныштық орнады. Сенбіде парламент президент Виктор Януковичті биліктен шеттетіп, оның басты қарсыласы Юлия Тимошенконы түрмеден босату жайлы шешім қабылдаған еді.
Үкіметке қарсы шеруге қатысушылар мен журналистер Киев түбіндегі президент резиденциясын аралап көрді. Виктор Януковичтің қайда екендігі белгісіз.
Виктор Януковичтің қандай тұрмыс кешкенін көруге құмартқан жұрт Киевтен 15 шақырым жердегі «Межигорье» резиденциясына ағылды.
Украинада оппозиция мен президент Янукович бейбіт келісім жасасты. Бірақ Майдандағы наразылар оған келіспей, Януковичтің отставкаға кетуін талап еткен. Олай болмаған жағдайда шерушілер президент резиденциясын қоршайтындарын айтқан.
Үкімет қақтығыстарға армияның араласуын талап ете бастады. Әскерилер позициясы әзірге белгісіз. Азаттық тілшісі осы төңіректегі бірнеше сұраққа жауап іздеп көрді.
Киевте қақтығыстардан қаза тапқандар саны 75 адамға жетті. Елдегі саяси дағдарысты реттеу жөніндегі билік пен оппозиция арасындағы келіссөздердің алғашқы кезеңі өтті.
Тағы