Accessibility links

Карпаттағы қысқы резиденция


Карпаттағы қысқы резиденция
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:22 0:00

Виктор Януковичтің «Межигорье» резиденциясына жұртшылық жасаған экскурсиядан кейін Ивано-Франковск тұрғындарының Гута елдімекеніндегі қысқы резиденцияны көрмекке аңсары ауды. Киевтен 650 шақырым жердегі «Синегорье» резиденциясына келгендерді кіреберісте қарсы алған күзетші әуелгіде олардың жолын бөгеген еді. Бірақ күзет бастығы келгендерді ғимарат ішіне кіргізбегенімен, резиденция аумағын аралап шығуға рұқсат етті. «Синегорье» резиденциясы 2001 жылы, Леонид Кучма Украина президенті болып тұрғанда салынған. Бірақ Януковичтің билігі тұсында бұл резиденцияны қайта өңдеу жұмыстарына бірнеше миллион доллар жұмсалған деп жазады жергілікті баспасөз құралдары. Оның аумағында еңселі ғимаратқа қоса зообақ пен көлшік бар. Виктор Януковичтің қайда екені әзірше белгісіз. Өткен аптаның соңында Украина Жоғарғы Радасы Киев түбіндегі «Межигорье» резиденциясын мемлекет меншігіне қайтару туралы қаулы қабылдаған.

XS
SM
MD
LG