Ресейде екінші рет баспасөз жиынын өткізген Виктор Янукович Қырымдағы дағдарысқа Украинаның жаңа билігін айыптады.
Украиналық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ресей шабуылына наразылық білдірген соң жоғалып кеткен алты адамға іздеу салынды.
Қырымның ресейшіл басшылары түбекті Украинадан бөліп әкетуге тырысып жатқанда, Қырым татарларының жетекшілері Түркиядан қолдау сұрады.
Украинадағы соңғы оқиғалардан Ресей мен Батыстың арасы ушығып, алтын бағасы қымбаттады. Сарапшылар бағалы металл бағасына қатысты болжамдарын өзгерте бастады.
Қырымдағы Бақшасарай қаласының жергілікті тұрғындары ресейшіл бұзақылардың қауіп төндіріп жатқанын айтады.
Украинадағы дағдарыс тереңдеген сайын қазақстандық саясаткерлер «Еуразиялық интеграцияны тежеу» және «тайм-аут алу» туралы ашық пікір білдіре бастады.
6 наурызда Украинаның Қырым автономиялық республикасы парламенті Ресейге қосылуға дауыс берді. Ал жергілікті билік осы шешімді бекітетін референдум 10 күннен кейін өтетінін хабарлады.
Ресейдің Қырымға әскер кіргізгені интернеттегі келемеж-кекесінді көбейтті. Азаттық тілшісі әлеуметтік желідегі әзіл-әжуаларға шолу жасады.
Еуропа әртістері Қырым түбегіне әскер кіргізгені үшін Ресейдегі мәдени шараларға бойкот жариялады.
Украин ақыны Тарас Шевченконың тағдыры мен шығармашылығы үш елді – Украина, Ресей және Қазақстанды байланыстырды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы Украинадағы дағдарыспен тұспа-тұс келді.
Мәскеу айырма белгісі жоқ форма киіп, Қырым түбегінде жүрген әскерді «Ресейдікі емес» дейді. Бірақ солдаттардың бірі өзі қызмет ететін әскери бөлімше Ресей қарулы күштерінікі екенін айтты.
Тағы