Ресей мен Украина арасындағы саяси кикілжің соғысқа алып келуі мүмкін деген де болжам бар. Азаттық тілшісі екі жақтың әскерін салыстырып көрді.
Азаттыққа сұхбат берген қазақстандық сарапшы Украинадағы оқиғалар барысының Кеден Одағындағы елдерге қалай әсер етуі мүмкін екенін жорамалдайды.
Украина мен Қырымдағы жағдай туралы Азаттыққа пікірін айтқан Киевтегі «Достық» қазақ мәдени орталығының жетекшісі елде орыс тілділер мен этникалық азшылықтарға қысым жоқтығын айтады.
Кейбір сербтер «Батыстың екіжүзділігін» айыптап, Ресейдің Қырымдағы әрекетін қолдаса, бірқатар албандар мен босниялықтар «Еуромайдан» белсенділеріне жақтасады.
«Киевті фашистер басып алды. Украинадан Ресейге босқындар ағылды. Еврейлерге шабуыл жасалды. Православ шіркеулері зардап шекті». Ресейлік БАҚ Украинадағы жағдайды осылай сипаттайды.
Балтық жағалауындағы және Орталық Азиядағы постсоветтік елдер, Орталық және Шығыс Еуропаның бұрынғы коммунистік мемлекеттері Ресейдің Қырымдағы әрекеттеріне сақтана қарайды.
Украинаға «шектеулі әскери контингент кіргізу» туралы шешім қабылдаған Ресей президенті Қырымдағы орыс тілді отандастарын қорғауды көздейтінін алға тартты. Азаттық Кремльдің бұл саясатының қалыптасу жолын шолып шықты.
Ақпанның 28-інен бері Украинаның Қырым түбегінде жүрген Ресей әскері туралы қауесет көп тарады. Азаттық осы туралы анық болған жайттарды шолып шықты.
Украина дағдарысы Еуропа басшыларын әбігерге салды. Олар Ресей агрессиясына қалай жауап берерін білмейді. ЕО елдерінің кейбірі Ресеймен сауданы тоқтатқысы жоқ.
Ресей президентінің Украинаға жасаған агрессиялық әрекетінен соң сарапшылар «Путиннің не ойлағаны бар?», «Оған Батыс қалай жауап береді?» деген сауалдарға жауап іздейді.
Ресей Қазақстандағы "Сарышаған" полигонына баллистикалық зымыран атты. Ресми мәлімет бойынша, "зымыран полигондағы шартты нысанаға тиген".
Ресей президентінің Қырымға әскер енгізу жөніндегі шешімі халықаралық наразылық тудырды. Ресей тұрғындары да бұған қарсы екенін білдірді.
Тағы