1944 жылы 200 мың Қырым татары жүк пойызына тиеліп, жат елге айдалды. Енді Қырым Ресейге қайта қосылған соң, олардың көбі қудалау қайта бастала ма деп қорқып отыр.
Украинадағы «Оңшыл сектор» ұлтшылдар қозғалысының белсенді мүшесі Александр Музычко наурыздың 25-і түнде Украинаның батысындағы Ровно қаласында атып өлтірілді.
Швеция сыртқы істер министрі Ресейге ықпал ету амалын айтады. Оның сөзінше, санкциядан да маңызды нәрсе - Украинаға көмек көрсету.
YouTube порталына жүктелген құпия телефон жазбасында қатты-қатты сөйлеген әйел адам украиналық танымал саясаткер Юлия Тимошенкоға ұқсайды. Алайда ол «таспаның көп жері өзгертілген» дейді.
Севастополь портында Ресей әскери-теңіз күштерінің блокадасынан соң ресейшіл күштер Украина флотының флагманы саналатын «Славутич» кемесін басып алды.
Батыс Ресейдің Украинаға қатысты кампаниясын насихаттауын тұрпайы әрі қарадүрсін көрген еді. Бірақ Ресейде дәл қазір ол үгіттің ықпалы жүріп тұр. Алайда сарапшылар мұның ұзаққа бармасын айтады.
Ресей «орыстілді тұрғындар мүддесін қорғадық» деген уәжбен Қырымды құрамына қосып алған соң Азаттық Қазақстандағы орыс ұлты басым облыс тұрғындарының бұл жайлы пікірін білді.
АҚШ Ресей президенті Путинге жақын кейбір адамдарға санкция салу туралы шешім шығарды. Сарапшылардың сөзінше, бұл шектеу санкцияға іліккендердің бизнесіне көп кедергі болмақ.
Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин Молдовадан бөлініп, «экономикалық блокадада» өмір сүріп жатқан Приднестровье 200 мың орыстілді тұрғынға көмек сұрап отырғанын айтады.
Ресейдің Қырымды қосып алуы Батыс пен Шығыс арасында қырғиқабақ соғыс кезінен бері болмаған кикілжің тудырып қана қойған жоқ. Өзгеріс карта шығаратын мекемелер мен баспаларды да екіге жарды.
Америкалық NPR орыс тілді тұрғындардың құқығын сылтау етіп Қырымды Ресейге қосып алған Путиннің әрекеті көршілес елдерге қалай әсер еткенін сипаттайды.
Тағы