Вологданы Қырым құсап әскер жіберіп, «кедейліктен және оккупант әкім-қарадан құтқаруды» өтініп әзіл хат жазған журналист бәлеге қалды.
Украинадағы «Еуромайдан» белсенділері мен туыстары шеру кезінде жоғалып кеткен екі жүздей адамды іздестіріп жатыр. Шын мәнісінде қанша адамның қаза тапқаны әлі беймәлім.
Украина мен Ресей арасындағы ақпараттық соғыс қызу жүріп жатыр. Шынайы жағдайды ресейлік және украиналық БАҚ-ты, саясаткерлер мен белсенділер айтқан сөзді сараптай келе білуге болады.
Ресейдің Қырым түбегін жылдам әрі оңай қосып алуы бүкіл әлемді есеңгіретті. Бірақ осы оқиғаға түрткі болған алты фактор жылдар бойы қалыптасқан еді.
Киев Астананың Қырым жайлы мәлімдемесіне наразы болып, Қазақстанның бұл пікірі "Украинаның территориялық тұтастығын сақтауды қолдау" туралы алдыңғы сөзіне қайшы екенін айтты.
Қазақстан әуе компанияларының көбі Украинаға ұшатын рейстерін қысқартты немесе тоқтатты. Мұның себебін олар жолаушының азаюымен түсіндіреді.
Қазақстанның Қырымға қатысты ұстанымы әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Ал сарапшы «Астананың мәлімдемесі Қазақстанның Ресейге тәуелділігі артып бара жатқанын көрсетті» дейді.
Ресейшіл күштер Симферопольдегі Украина әскери-теңіз штабын басып алып, төбесіне Ресей туын тікті.
Белсенді Решат Әметовті өлтірмес бұрын азаптағаны анықталды. Бұл оқиға Қара теңіздегі түбекте тұратын мұсылман қауымы арасында үрей тудырды.
Владимир Путин Думаға барып, Қырымның Ресей құрамына қосылғанын салтанатты түрде мәлімдеді. Польша премьер-министрі Дональд Тускпен кездесіп шыққан АҚШ вице-президенті Джо Байден бұған бірден жауап қатты.
ЕО мен Қазақстанның ынтымақтастық нығайту келіссөзінің жаңа кезеңі аяқталып келеді. Саясаттанушы Толғанай Үмбеталиева «Украинадағы жағдай келіссөзге белгілі бір әсерін тигізеді» деп санайды.
Тағы