Қырымдағы ресейлік жауынгерлердің негізгі қару-жабдығы Украинаның әскери өнеркәсібінде өндірілген.
Ресейдің Қырымды аннексиялауына байланысты Вашингтонның Мәскеуге қарсы санкциясы тағы бір мекемеге кесірін тигізді. Ол – террор мен есірткі тасымалына бірлесе қарсы тұру комиссиясы.
Ресей парламентінің депутаты бұл елдің әскери даңқына шәк келтіретін азаматтар мен видео ойындарды жазаға тартатын заң жобасын ұсынды.
Киевте ақпан айында шерушілер мен полиция қақтығысы барысында қаза болғандарды еске алу жиыны өтті. 30 наурыз 2014 жыл.
Әлеуметтік желілерде Украинаға симпатиясын көбірек аңғартатын қазақстандықтар БҰҰ-да Қырым референдумына қатысты үкімет ұстанған «қалыс қалу» позициясының өзіне шүкір десті.
Ресей мен Украина арасындағы жағдай шиеленіскен сайын ақпарат майданы да қыза түсті. Ресей жағы «ұлт сатқындары» терминін қолданысқа енгізді.
БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинадан Қырымның бөлінуі туралы референдумды заңсыз деп танитын қарарды көпшілік дауыcпен қабылдады. Дауыс беру кезінде Қазақстан қалыс қалды.
Украинаның Қырым аймағы Ресейге өткелі мұндағы заңдар да өзгерді. Осыған дейін өз құқықтарын қорғап жүрген белсенділер мен қарапайым мұсылмандар енді «экстремист» атануы мүмкін.
Қырымда Ресей әскерилері тұтқындаған Украинаның он бір офицерінің алтауы босатылғаны хабарланды.
Қырымдағы украин солдаттары не үй-жайын тастап, Украинаға көшеді, немесе Ресей азаматтығын алады. Украинаға барғанда, оларға үкімет жағдай жасай ма? Қалған күнде Ресейдің маңдайынан сипауы екіталай.
Қырымдағы Ресей әскери техникасы солтүстікке бет алғаны туралы Украина қорғаныс министрлігі медиа-орталығының өкілі Владислав Селезнев Facebook-те хабарлады.
Экономист Ораз Жандосов Азаттыққа берген сұхбатында «Қырымды бөліп алғаны үшін Батыстың Ресейге салатын санкциясы күшейсе де, Қазақстан көп зардап шекпейді» дейді.
Тағы