Донецкіде Украинаның біртұтастығын қолдау жиынына қатысушылар көлемі 1350 шаршы метр мемлекеттік туды жайды.
Украина астанасында тұрғындарға соғыс басталса, не істеу керегін түсіндіретін хабарландырулар пайда болып, бір тәулікке жетпей қайтадан алынып тасталды.
Чехияның Острава қаласындағы қонақ үй қожайыны Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне наразылық білдірудің ерекше түрін ойлап тапты. Ол Ресей азаматтарын қонақ үйіне кіргізбейді.
Украинаның шығысындағы Славянск қаласына барған Украина әскері жергілікті ресейшіл тұрғындар жағына шықты.
Украина шерушісі Ресейдің екі мемлекеттік телеарнасына екі түрлі адам болып - біресе "Батыстың жалдамалысы", біресе "ресейшіл" болып сөйлеген.
Жергілікті банк жүйесі әлсіреген тұста Қазақстанды біртіндеп ресейлік капиталды банктері жайлап барады. Бұл Қазақстанның қаржы секторында Ресей ықпалы күшейгенін білдіре ме?
Сепаратистер бақылауындағы Славянскіге Ресей туын көтерген әскери техника кірді.
Германияның танымал басылымы Ресейдің Украинадағы «гегемониялық әскери саясатына наразылық ретінде» Берлиндегі совет танкілері ескерткішін алып тастауды ұсынды.
АҚШ президентінің Мәскеумен қарым-қатынасты жақсарту саясаты нәтиже бермеді. Бұдан соң АҚШ Украинадағы дағдарыс жағдайында Кремльмен ақпараттық соғысты күшейте түсті.
Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кучма «қазіргі дағдарыстан тек Батыстың араласуымен ғана шығуға болады» деп санайды. Кучма Азаттыққа эксклюзивтік сұхбат берді.
Ресейдің ірі телеарнасындағы танымал метеоролог ауа райы болжамында үнемі Украинадағы саяси дағдарысты мысқылдап келе жатыр.
Шығыс Украина қалаларындағы әкімдік ғимараттарын басып алған ресейшіл күштер биліктің талабы бойынша оларды сәуірдің 14-і күні босатуы тиіс еді. Бірақ ахуал күрделене түсті.
Тағы