Украина билігі Майдан шерушілерінің талабын орындау үшін ескі билік өкілдерінен құтылуға кірісті. Бірақ люстрация деп аталатын бұл үдеріске халықтың көзқарасы әртүрлі.
Украинаның ең дәулетті азаматы Ринат Ахметов шулы Донецкіде сепаратистерді бітімге шақырды. Алайда оның басқа амалы жоқ дейді сарапшылар.
Революция – бар шаруаның басы ғана. Билік ауысқан соң халық болып күрескен сол идеалдарды жүзеге асырудың қажеттігі туындайды.
Ресейшіл белсенділер Украинаның шығысындағы бірнеше қалада билік кеңселерін басып алды. Киев бұл оқиғаларды Ресей тарапынан «агрессиялық әрекет» деп сипаттады.
"Антиеуразиялық форум" аталған жиын 15 мамыр күні Ресей, Қазақстан, Беларусь басшылары қол қоятын Еуразия Одағына қарсы ұйымдастырылды. Өткізетін дұрыс орын таба алмаған белсенділер шағын залға жұрттың сыймай қалғанын айтады.
Ресей телеарналары Украинадағы қақтығыстарға қатысқан бір адамды екі түрлі көрсетіп, ұятқа қалды. «Майданға» көмектесуге шетелден келген жалдамалы» екінші сюжетте «ресейшіл патриот» болып кеткен.
Ресей Қырымда героинге тәуелді нашақорларды емдеу үшін метадон қолдануға тыйым салды. Мамандар «енді есірткі мен ВИЧ кесірінен аймақта өлім-жітім көбейеді» дейді.
Кремльді келемеждеп хат жазып, орыс тілді қауымды жемқор шенеуніктерден құтқаруды өтінген ресейлік журналиске қысым күшейді. Оған «экстремистік пиғылы бар» деген айып тағылды.
Путин әлемнің кез келген түкпіріндегі орысты қорғаймын деп уәде берді. Бұл доктрина негізінен пост-советтік республикаларда тұрып жатқан миллиондаған орыстарды қамтиды. Олар бұл елдерде қайдан жүр?
Қырымды өзіне қосып алғаннан бері Ресейде «патриотизмді» насихаттау науқаны басталды, одан мектептер де тыс қалмады. Бірақ жаңа пәнді оқытуға мұғалімдердің бәрі ынталы емес.
Глазго университетінің зерттеушісі Лука Анчески Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанның сыртқы саясатына нео-еуразия идеологиясының ықпал етуі туралы айтты.
Сәуірдің 7-сі күні Харьков әкімдігін басып алған 70 ресейшіл сепаратист тұтқындалды. Ауыр да қантөгісті күн солай аяқталды. Азаттық Харьковтегі қақтығысты көрген тілші күнделігін ұсынады.
Тағы