Славянск маңындағы ұрыстарда дүйсенбіде Украинаның бес сарбазы қаза тауып, 30-дан астамы жараланған.
Киевте жүрген қазақстандық белсенді Жанболат Мамай сепаратизмді ауыздықтауға тырысып жатқан Украина қоғамы үшін 25 мамырда президент сайлауын өткізу өте маңызды екенін айтады.
Ресей телеарнасының «Украинада салынып жатқан концлагерь» деп сипаттаған ғимараты заңсыз мигранттарды уақытша ұстайтын орын болып шықты.
Қырым татарлары меджлисі жетекшісіне Қырым прокуроры «экстремистік іс-әрекеттер» туралы ескерту жасады.
Еуропа одағының өкілі Штефан Фюле Азаттыққа берген сұхбатында Кремль басшысының ешқандай ережеге мойынсұнғысы келмейтін саясатын сынады.
Украинада ресейшіл белсенділерге қарсы "антитеррорлық" операция жалғасып жатыр. Соңғы үш күнде қақтығыстардан қаза тапқандар саны 50-ден асты.
Мустафа Джемилевті қарсы алуға келген бірнеше мың қырым татарлары әуеге оқ атқан автоматқа да тоқтамай, Армянскідегі ресейлік сарбаздардың тосқауылын бұзып өтті.
Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы Женева келісімінің орындалмай жатқаны Донецкіде айқын көрінеді. Қаладағы жағдай шиеленісіп барады.
Орталық Азия елдерінде Жеңіс күні қарсаңында Георгий лентасы таратыла бастады. Жергілікті тұрғындардың кейбірі бұл лентаны Ресей басқыншылығының символы санайды.
Батыстың бірнеше елі Украина билігін қолдау нышаны ретінде спутниктерін Ресей космодромдарынан ұшырудан бас тартты. Олардың арасында Ресей жалға алған Байқоңыр да бар.
Обама әкімшілігі Ресейге салынған жаңа санкцияларды «Украина дағдарысына қатысты Кремльге жасалған қысым» деп сипаттайды. Бірақ сенаторлар бұл шаралар Ресейді тоқтата алмайтынын айтады.
Киевте Майданның өзін өзі қорғау тобы өкілдері мен ұлтшыл ұйымдар белсенділері қақтығысты.
Тағы