«Россия-1» телеарнасы «Украина ұлттық гвардиясының Донецкіде тағы бір адамды мерт қылғаны» жайлы видео көрсетті. Бірақ бұл видео былтыр күзде Ресейдің Қабарда-Балқар аймағында өткен антитеррорлық операция кадрларын дәлме-дәл қайталайды.
Украина қарулы күштері ел шығысын бақылауға алу үшін күш сап жатыр. Ал ресейшіл бүлікшілер қолына түскендерді азаптауды дағдылы іске айналдырды.
Қырым татарлары ресейшіл билік салған тыйымға қарамастан, совет кезіндегі депортация құрбандарын еске алуға жиналды.
Алматыда тұратын Қырым татарлары 1944 жылғы депортация құрбандарын еске алды. Қырымдағы жағдайға «жүректері ауыратынын» айтқан диаспора өкілдері оған саяси баға беруден қашқақтайды.
Қырым татарлары лидері Мұстафа Жемилевтің түбекке кіруіне тыйым салынды. Қырым татарлары депортацияға 70 жыл толуына орай еске алу шарасын өткізбек. Осыған орай Азаттық Жемилевтен сұхбат алды.
Ташкентте НАТО өкілдігі ашылды. Бұл оқиғадан соң қазақ-өзбек шекарасы Ресей мен НАТО-ның ықпал ету аймағының бөлініс жігіне айнала ма? Азаттық жергілікті сарапшылардың пікірін білді.
ЕО Ресейдің энергетика саласына тәуелділігіне алаңдап отырған тұста Иран газ жеткізіп бере алатынын мәлімдеді. Батыс санкцияларынан құтылғысы келетін Иранның бұл амалы іске аса ма?
Мамырдың 12-cі күні Минскідегі хоккей чемпионатында Ресей АҚШ-ты 6:1 есебімен ұтқасын ресейлік БАҚ "АҚШ үкіметінің матч туралы мәлімдемесі" деп жалған ақпарат таратты.
Қырым татарлары Ресей аннексиясына қарсылық білдіріп келеді. Кремль оларды «көндіруге» Татарстан шенеуніктерін жұмсап отыр. Шенеуніктер Ресейге қосылу тиімді екенін дәлелдеуге тырысып жатыр.
Кремль «Еуромайдан» шерушілерін, Киевтегі жаңа үкіметті «антисемит» деп айыптады. АҚШ-тағы ұйымның сауалнамасына қарағанда, еврейлерді жақтырмайтындар Ресейден гөрі Украинада көп.
Батыс елдерінің Ресейге санкция салуды күшейтуіне байланысты алаңдаушылық танытқан Қазақстан Ұлттық банк төрағасының сөзіне жергілікті сарапшылар пікір білдірді.
Ресей АҚШ-қа өз аумағында GPS жүйесін өшіріп тастайтынын ескертті. Жүйені құрушы сарапшы оның зардабын тек Ресей ғана тартатынын айтады.
Тағы